Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!
- Толығырақ
- Құрылды 14.01.2016 11:35
Кітапхананың Жастар инттеллект орталығындағы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған іс-шаралардың алғашқы қонағы – қалалық №16 орта мектептің 7 сынып оқушылары. Оқушылар кітапханаға саяхат жасап, жасөспірімдерге арналған жаңа кітаптармен танысты. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған медиа-сабақ тарихымызға байланысты танымдық викторинамен жалғасты.
Желтоқсан оқиғасына байланысты көрсетілген деректі фильм мен Г.Қ. Перкованың орындауындағы жергілікті сазгер Уатхан Жүнісовтың «Желтоқсан қарлығаштары» әні оқушыларға ерекше әсер қалтырды. Сонымен қатар балалар осы атаулы мерекеге байланысты «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойынына қатысып, өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, тәуелсіздікке байланысты көптеген қосымша ақпарат алды. Ойын соңында балалар «Нұраманат» дуэтімен қосылып «Қазақ жастары» әнін шырқады. Мектеп ұстаздары өткізілген іс-шараға алғыстарын білдіріп, кітапханамен бірлесе жұмыс жасағысы келетіндерін айтты.
| |
||
| |
|
|
Басқа да фотосуреттерді осы сілтеме бойынша көре аласыздар
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26335127
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы