Еркін елдің кемел тұлғалары
- Толығырақ
- Құрылды 10.01.2016 19:23
15 қаңтар күні кітапханада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған "Еркін елдің кемел тұлғалары" деп аталатын әдебиеттер көрмесінің тұсаукесері өтті. Көрме еліміздің тарихынан маңызды орын алған белді тұлғалардың тарихи галереясын ұсынды.
Кітапхана мамандары қонақтарды Абылай ханнан Нұрсұлтан Назарбаевқа дейінгі, батырлар: Қаракерей Қабанбайдан бастап генерал Панфилов пен Бауыржан Момышұлына дейінгі, ғалымдар: Шоқан Уәлихановтан Қаныш Сәтпаевқа дейінгі, мәдениет қайраткерлері: Абайдан Евгений Брусиловский мен Олжас Сүлейменовке дейінгі, әйгілі әйелдер: Дина Нүрпейісовадан Бибігүл Төлегеноваға дейінгі, әлем чемпиондары: Қажымұқан Мұңайтпасовтан Олимпиада жеңімпаздарына дейінгі мемлекетіміздің тарихына алтын әріппен жазылған тұлғалар туралы кітаптармен таныстырды.
Тарих – бұл әлеуметтік-экономикалық формация, атаулы күндер мен оқиғалар ғана емес, ұлы істерді кешегі және бүгінгі таңда іске асырып отырған нақтылы адамдардың, билеушілер мен қолбасшылардың өмірі. Әдемі тысталған полиграфиялық басылымдарда – монография, энциклопедия, көркем суретті кітап‑альбомдарда – еліміздің мақтанышына айналған әйгілі адамдардың ғұмырбаяны мен қызметі зерделенген. Ал жергілікті суретшілердің белгілі қайраткерлер портреттері қатысушыларды ерекше көңіл-күй мен әсерлі сезімдерге жетелейді.
Көрмеге қойылған кітаптардың көпшілігі Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдары Елбасының бастамасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде шығарылған.
Тарихты ұлы адамдар жасайды десек, ғасырлар куәсіне айналған еліміздің тарихы айтулы тұлғалар ғұмырнамасымен тығыз байланысты. Ұйымдастырушылар осы кітап көрмесі жастарға ел тарихы туралы білімдерін жүйелеп, келешек ұрпақтың мемлекет тарихына қосар үлесін байыптап ойлануына және өзінің өмірлік жолын таңдауына көмек береді деп сенеді.
Көрме презентациясы Қазақстан тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған біздің кітапхананың мерейтойлық іс-шаралар көшін бастайды. Презентацияға шығармашылық мемлекеттік қызметкерлер, Одақ өкілдері, тарих, әдебиет, мәдениет қызметкерлері, журналистер, жастар, студенттер мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
Байланыс: Рахимбаева Б.С., тел. 26133
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26329880
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы