homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВАр-намыс үлгісі, тәуелсіздіктің қайсар рухы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Ар-намыс үлгісі, тәуелсіздіктің қайсар рухы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл

10 ақпан күні, сағат 15.00-де кітапханада ұлтымыздың мақтанышы, ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың  100 жылдығына орай библиографиялық көрсеткіштің тұсаукесері өтеді. Қайым Мұхамедханов есімі қазақстандықтар  үшін  кеңінен танымал. Қайым ағамыз жазған өлең жолдарына  Мұқан Төлебаев ән жазып,  50 жылға жуық уақыт бойы Қазақ ССР-і Мемлекеттік әнұраны болып шырқалды.

Осы бір деректің өзі Қайым Мұхамедханов есімінің ел тарихы жылнамасында сақталып қалуына жеткілікті. Алайда Қайым Мұхамедханов әдеби ерлік жасады. Ол кісінің кең көлемді ғылыми-зерттеу  ізденістері арқасында абайтану ғылымының негізі қаланып, Семей қаласында  Абай мұражайы ашылып, өзі сол мұражайдың алғашқы директоры болып тағайындалды. Бүгінде ақын, жазушы, драматург, ғалымның  мұрасы мыңнан аса құжат деп есептеледі.Тарихи шындық, мәдениет пен ғылым саласындағы ашылған құндылықтар жолында ғалым  жеке басының еркіндігін, отбасының  амандығын құрбан етті. Ол кісі НКВД  түрмелерінде  қиыншылыққа, өмірдің соққысына ұшыраса да өз жақтастарына қарсы бірде-бір құжатқа қол қоймады. Танымал қазақ жазушысы әрі аудармашы Герольд Бельгердің айтуынша  Қайым Мұхамедхановтың өмірі кітап жазып, фильм түсіруге лайықты. деген екен.Электронды библиографиялық көрсеткіште  Қайым Мұхамедхановтың кітаптары мен  басылымдары (мақала, аударма, басқа авторлардың шығармалары), сондай-ақ, өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәліметтер, барлығы  1200-ден аса атаулар берілген. Тұсаукесер барысында  ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы Қ. Мұхамедхановтың  қызы – Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет қоғамдық қорының директоры Дина Мұхамедхан, танымал жазушы Тұрсын Жұртбай, Уфа қаласынан әдебиеттанушы Роза Буканова, «Человек - легенда» кітабының авторы семейлік Алла Белякинаның бейнежазбалары ұсынылып, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің профессоры Картаева Айжан, журналист Уәлихан Тоқпатаев естеліктерімен бөліседі. Тұсаукесерге оқытушылар, студенттер, мәдениет қызметкерлері, әдебиет пәнінің мұғалімдері мен кітапханашылар шақырылып отыр.

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26328753
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102