Жыр алыбы - Жамбыл
- Толығырақ
- Құрылды 06.03.2016 16:56
Кітапханаға дарынды балаларға арналған Жамбыл гимназиясы мен қазақ-түрік лицейінің оқушылары қонаққа келді. Оқушылар биылғы жылдың атаулы даталарының бірі Жамбыл Жабаев атамызға арналған әдеби басқосуға қатысты. Биылғы жылы ұлы ақынның 170 жылдық мерейтойы аталып өтті. «Жамбыл жырлары – отаншылдыққа, бірлікке үндеудің асқақ үлгісі.
Елбасымыз айтқан Мәңгілік ел идеясымен жалғасып жатыр. Мәңгілік ел – қазақ елі барда Жамбыл жасай береді, асқақтай береді» Жамбыл атамыздың өмірбаяны туралы шағын бейне роликтермен танысып, әр оқушы атаның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кештің қонағы Ақын Ертіс Иман Жүсіптің Ерейментау дәстүрлі әнін орындады. Кеңес Одағында Жамбылдан дәрежесі, мәртебесі биік ақын болған жоқ. Жамбыл есімінің әлемнің шартарабына танылған тұсы да осы кезең еді. Ақын жырлары майдандағы әр ұлттан құралған жауынгерлердің бәрінің де жүрегіне жетіп, жігерін қайрады.. Бұл тұста Жамбыл ақын жауға қаламмен қарсы шығып, «Ата жаумен айқастық», «Өлім мен өмір белдесті», «Ленинградтық өренім!», «Москваға», «Аттан, батыр, ұрпағым», Кеңес жауынгерлеріне», «Майданға хат», «Сыйлық», «Тырналар қайтты көріңдер», «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Балама хат»,», «Қамал бұзған қаһарман», сынды әрбір өлеңін жауға оқ етіп жаудырды. Өмір мен өлім белдескен шақта ақын қуатты жырларымен кеңес жауынгерлеріне жігер берді. Оның жырлары жыл құсындай болып майданға аттанды. Жауынгерлерге Ленинград, Москва, Сталинград сынды ірі қалаларды жау қолына бермеңдер деген ақын жырларында өршілдік рух басым. Кеңес жауынгерлеріне қайратына қайрат, жігеріне жігер қосқан өлеңдерінің ішінен «Ленинградтық өренімді» ерекше атауға болады: «Ленинградтық өренім» атты жыры соғыс кезінде поэзияның озық үлгісі болды,ел аузында ұзақ бір толғау ретінде жатталды. Бұл жыр ленинградтықтардың есінде мәңгі есінде қалды. Оның үздік шығармалары қырықтан астам шет елдер тілдеріне аударылды.Ромен Роллан, Мартин Андерсен Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. 20-ғасырдағы халық ақындарына Жамбылдың әсері өте зор болды.
Кеш соңында ұстаздарына сөз беріліп бүгінгі сабақтан алған әсерлері мол екенін айтып кітапханашылар қауымына алғыстарын білдіріп жатты. Жамбылдың ұлылығын ұран етіп, құндылықтарын дәріптеу – ұрпақ парызы. Елбасымыз «Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманның адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында.Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп,өлмес рухының алдында басымызды иеміз» деп сабағымызды аяқтадық.
Іс-шара туралы бейне-сюжет сілтеме арқылы көруге болады: https://youtu.be/RnnKBfxont0
Байланысшы: Жахып Нұрсәуле, тел. 261333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26340629
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы