homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВӘріптестерге арналған тәжірибе алмасу семинары
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Әріптестерге арналған тәжірибе алмасу семинары

Біздің кітапхана облысымыздағы  ең ірі ақпараттық орталықтың бірі. Кітапхананың даму стратегиясының басты бағытының бірі – заманауи ақпараттық инновациялық технологияларды енгізуге негізделген. 15 наурызда біздің кітапханаға тәжірибе алмасу мақсатында Семей қаласындағы Абай атындағы облыстық кітапханадан әріптестеріміз келді.

Кітапхана ісі бойынша директордың орынбасары Абенова Бахтина Қалмақпаевна қонақтарды кітапхана бөлімдерімен таныстырды. Олар тіркеу кафедрасы, ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар Орталығы, кітапты толықтыру және өңдеу Орталықтарында болды. Ақпараттық – библиографиялық қызмет орталығымен, өлкетану, құжаттарды каталогизациялау қызметтерімен мұқият танысты. Оқырмандарды қамтамасыз ету, Халықаралық ресурстар Орталығы, жастар интеллект-орталығы қызметтерінің ерекшеліктері туралы көріп, білді. Тәжірибе алмасу танымдық экскурсия, шығармашылық әңгімелесу, сұрақ-жауап түрінде өтті.

 Әріптестеріміз өздерінің алған әсерлерімен бөліскен еді:

Гульнара Кадыровна Байкенова, Семей қ. Абай атындағы облыстық кітапхананың кітапты өңдеу  бөлімінің меңгерушісі:

-       Біз кітапханаларыңыздың 120 жылдық мерейтойы қарсаңында қандай жаңалықтар, өзгерістер бар екенін көріп, білуге келіп отырмыз. Мен Пушкин кітапханасының сайтына күнделікті кіріп, жаңалықтарыңызбен танысып отырамын. Өзім кітапхананың кітапты өңдеу  бөлімінде қызмет ететіндіктен бірден осы салаға байланысты не жаңалық бар екен деп қарап отырамын. Тәжірибе алмасуда өте тиімді әдіс. Сіздерге келмегеніме екі жыл уақыт болыпты, кітапханада көптеген өзгерістер болыпты. Халықаралық ресурстар Орталығында ашылған Француз оқу залы, шет тілін үйренушілерге арналған басылымдар қоры, шет тілдеріндегі кино және дискуссиялық клубтар. Бөлімдер өте тамаша безендірілген. Балалармен жұмыс жасау өте жақсы ұйымдастырылған. Робототехника, модельдеу, балаларға арналған қуыршақ театры. Бізде алдағы уақытта балалар бөлімін ашуды жоспарлап отырмыз. Сіздерде бұл жұмыстың қалай қолға алынғанын көру біз үшін өте қызықты болды. Мен толықтыру бөлімімен тығыз жұмыс істегендіктен  біз нақты мәселелер бойынша әрдайым хат жазысып, қарым-қатынаста жұмыс істейміз.

Кітапханашы мамандығы өте қызықты. Сондықтан да кітапхана ұжымына 120 жылдық мерейтойы қарсаңында шығармашылық шабыт,  кітап оқитын  пайдаланушыларының көбеюіне тілектеспіз.

Жанар Милатовна Чушекова, Семей қ. Абай атындағы облыстық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі:

- Бізде кітапханамыздың сайтында «Біздің Абай» сияқты электрондық кітапхана ашқымыз келеді. Электрондық кітапхана жасау бойынша, Алаш-Орда қызметі туралы көптеген сауалдарымыз бар.

Балалар бөлімінің жұмысы робототехника, модельдеу үйірмелері  өте ұнады. Қаламызда Орталық балалар кітапханасы ашылғандықтан, біздегі балалар бөлімі 2003 жылы жабылған болатын, енді қайтадан ашуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі семинарда  өзімізді толғандырған сауалдардың барлығына  жауап алдық.  Кітапхана жұмысы бойынша жалпы алған әсеріміз керемет.Бізге әлі де көп нәрсені үйрену қажет.  

Орылкамал Болдашевна Кайсина, Семей қ. Абай атындағы облыстық кітапхана, библиограф:

- Соңғы рет бір жарым жыл бұрын кітапханаларыңызда болған едім, көп нәрсе өзгерген. Электронды билет, кітап беру, балалар бөлімі мен шеберлер мектебінің  жұмысы. Мұнда келіп сурет салып, құрастырып  қана қоймайсың, осының бәрі, кітап оқуға деген қызығушылыққа ұласады. Үйірме арқылы қандайда бір затты жасау үшін ең бірінші ақпарат алу, кітап оқуға деген талпыныс пайда болады. Кітапханаларыңызға келген сайын әрдайым өзгерістер мен жаңашылдық! Бұл деген өте керемет!

                                            Байланысшы: Жансая Ашкенова, тел. 261-333, вн. 119

ajnj 1 ctvtq ajnj 4 ctvtq 2 ajnj 4 ctvtq ajnj 7 ctvtq ajnj 2 ctvtq 
ajnj 6 ctvtq ajnj 10 ctvtq ajnj 8 ctvtq ajnj 9 ctvtq  ajnj 3 ctvtq 2
ajnj 5 ctvtq   ajnj 12 ctvtq

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26334105
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102