homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВҰлыстың Ұлы Күні қарсаңында...
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Ұлыстың Ұлы Күні қарсаңында...

Ежелгі жыл санау бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.

Қызыр түні Жаңа жыл табалдырық аттап, үйге енгенде, «жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағылып қойылады. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз-мүліктің шаңы қағылып, жуылып тазартылады.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында кітапханаға қонаққа келген «Қазына» ансамблінің мүшелері, көпті көрген ата-әжелеріміз кішкентай сәбидің тұсауын кесіп,  ақ баталарын беріп, қазақтың салт-дәстүрі, ырым-тиымдары туралы әңгімелеп берді. 

 Қазақ тілі қоғамының төрайымы, «Қазына» ансамблінің жетекшісі Роза Дәуітқызы барлық оқырмандарымызды келе жатқан мерекемен құттықтап, ізгі лебізін лебізін білдірді.
Кабидолдин Даулет Тлеуханұлы, ШҚО облыстық мешіті имамының орынбасары:
 " -  Пушкин кітапханасына да келіп, халқымыздың ұлттық дәстүрлерін көрсетіп жатырмыз. Әдет-ғұрыптардың жыл сайын қайталануы жаңа буынға мәдени және қоғамдық тәлім-тәрбие береді. Кітап – білімнің көзі, ал, Наурызда Табиғат та, Жер-Ана да жаңарады. Кітап пен осы жарқын мереке достық пен ынтымақтастық шуағын шашып, көңілге қуаныш сыйлайды. ,
Мен өзім осы кітапхананың оқырманымын, кітапхананың барлық оқырмандарын, барша қазақстандықтарды осы жақсылық пен жаңарудың мерекесімен құттықтаймын. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызда тек жақсылық болсын, елімізде бейбітшілік болсын. Кітапханаларыңызда оқырмандарыңыз, инновациялық жобаларыңыз көбейе берсін".
Құрметті пайдаланушылар! Кітапхананың 1 қабатында ұйымдастырылған  «Жарқын дәстүрлер мерекесі» әдебиеттер көрмесінен наурыз мерекесі туралы барлық қызықты ақпаратты таба аласыздар. 

 

ajnj 1 yfehsp ajnj 2 yfehsp ajnj 3 yfehsp ajnj 4 yfehsp ajnj 5 yfehsp ajnj 6 yfehsp

Байланысшы: Жансая Ашкенова 

Тел.: 26-13-33 (ішкі 119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26325395
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102