homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВҚалалық мәслихат депутаты кітапханада
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Қалалық мәслихат депутаты кітапханада

Марина Ивановна Кикина, Қазақстан-Американдық Еркін университетінің вице-президенті, ҚАЕУ колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, қалалық мәслихаттың депутаты, біздің кітапхананың тұрақты оқырманы кітапхананы 120-жылдық мерейтойымен құттықтап, бізді және біздің оқырмандарымызды толғандырып жүрген  сауалдарға  жауап берді. Марина Ивановна ағылшын тілі маманы.

- Марина Ивановна, Қазақстан мектептерінің  үштілді білім беру жүйесіне көшу жоспары туралы не айтасыз?

- 2015 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасында білім беруді үш тілде  жүргізу туралы «Жол картасы» қабылдаған. ШҚ облысы әкімі Ахметов Даниал Кенжетайұлының  бастамасымен 2019  жылға дейін үш тілде білім беруді дамыту үшін кешенді жоспар әзірленді.

Біздің өңірімізде де үш тіліділікті енгізу үшін арнай пилоттық жоба қолға алынады.

Әрине, ағылшын үйрету, сонымен қатар ағылшын тілін пайдалана отырып, химия, физика, биология, информатика  сияқты басқа да пәндерді зерттеп, әдістеме ұсынуда  ШҚ облысы мектептері республика мектептеріне үлгі болып, алда жүруі тиіс. Яғни, біз екі бағытты қатар алып жүруіміз керек.

- Бірінші бағыт, ағылшын тілін оқыту, мен айтар едім, лингвистикалық сауатсыздықты жою,

- Екінші  бағыт оқытушыларға  қатысты - ағылшын тілін пайдалана отырып, басқа пәндерді оқытудың жаңа әдістерін меңгеру.

- Қазіргі қызметіңіз туралы, және қызметіңіздің осы жобамен қандай байланысы бар?

ajnj 1 rbrbyf- Мен ҚАЕУ-де жұмыс істеймін. Қазақстан-Американдық Еркін университетінің вице-президенті, және ҚАЕУ колледжінің директорымын. Өз колледжімізде шет тілдері, қазақ тілі мен әдебиеті, математика, информатика пәндерінің  мұғалімдерін және де басқа да педагогикаға қатысы жоқ туризм, құқықтану т. б. сала мамандарын оқытатындықтан ҚАЕУ университеті мен колледжінде «Үштілділік жол картасы» бағдарламасын  жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Ағылшын тілінің мұғалімі ретінде  жастар мен оқытушылардың  үш тілді  меңгергендерін қажет деп ойлаймын. Үш тілді меңгере отырып,  біз тек жетістікке жетеміз. Мен өзімнің алдыма осы міндетті қоямын.

- Марина Ивановна, сіз көп жылдардан бері педагог қызметін атқарып келесіз, сіздің ойыңызша педагог үшін өзінің қызметінде не маңызды?

 

- Менің ойымша педагогтің қызметінде ең маңыздысы - білімнің  жаңа көзін табу. Студент кезінде немесе кәсіби мұғалім болғаннан кейін сол алған білімдерімен тоқтап қалмау керек, үнемі ізденісте болу керек.

Сіз қалалық маслихаттың депутатысыз. Депутат ретінде алдыға қойған мақсатыңыз?

- Білім беру жүйесі саласынан болғаннан кейін осы саламен байланысты мәселелерді  мәселен, бала-бақшалар мәселесін бірінші жоспарға қоюға болады. 

Экономикалық дағдарыс салдарынан бюджетті қаржыландыру қысқаруда, осыған орай біздің басты міндетіміз -   мектепке дейінгі,  мектеп және мектептен тыс оқыту мен тәрбиелеуде бюджеттік қаржыландырудың қысқаруына жол бермеу.

Біз, депутаттар спорттық секциялар, әр түрлі үйірмелердің  жабылуына жол бермеу.Мектеп жанындағы өнер мектебінің, балалар шығармашылығы Сарайының дамуы, мектептердің жан-жақты дамып, мұғалімдердің өздеріне сенімді болуы - міне негізгі мақсатымыз осы.

- Марина Ивановна, Пушкин кітапханасы туралы не айтасыз?

- Биылғы жылы біздің сүйікті кітапханамыз 120 жылдық мерейтойын атап өткелі отыр. Мен оқушы, студент, аспирант кезімнен осы кітапхананың оқырманымын. Мен үшін, Пушкин кітапханасы әрқашан барлық қажетті ақпаратың нақты көзі болды.  120 жыл! Бір жағынан алып қарасақ, өте көп уақыт, , бірақ екінші жағынан көп әлі алда!

Интернет және заманауи технологияның дамыған заманы болғаннан кейін жастар, ақпаратты интернеттен  көп алады, менің ойымша  кітап, ол ақпарат көзі болып қала береді.

Мен біздің кітапханамызда кітапты қолына алып, сүйіп оқитын оқырмандарының көп болғанын қалаймын. Сондай-ақ, кітапхана оқырмандарын қызықты кездесулерімен,  әр түрлі қызықты мәдени  іс-шараларымен таңғалдыра берсін.

 Байланысшы: Жансая Ашкенова

Байланыс тел.: 26-13-33

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26332186
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102