Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық сабақ
- Толығырақ
- Құрылды 04.05.2016 16:48
1992 жылы 7 – мамырда Елбасымыз «Қазақстан Қарулы Күштерін құру туралы» жарлыққа қол қойды. Ал, 1998 жылдан бастап бұл күн еліміздің күнтізбесіне Отан қорғаушылар күні ретінде тіркелді. Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 24 жыл ал, батырлар күніне 18 жыл толып отыр. Осыған орай 4 мамыр күні кітапханамызда Отан қорғаушылар күніне арналған «Ал, қанеки ұлдар» деген атпен патриоттық сабақ өтті. Мерекелік сабақ әнұранмен басталды. Оған Өскемен қаласы әкімдігінің №35 орта мектебінің және О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінің 5-ші сынып оқушылары қатысты.
Халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуін «Ұл туғанға күн туған» деп ерекше бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.
Отанымызды қорғайтын ер жігітке айтылар сын да көп, қойылар талап та жоғары болғандықтан сыныптағы ұл балалар «Жігіт сынына» түсті.
Сайыс барысында жігіттеріміз қызықты да қиын сұрақтарға жауаптар беруімен қатар, түйме қадау, картоп аршу, арқан тартыс, кір тасын көтеру мен өз өнерлерін көрсету сияқты сындарға түсті.
Өз сыныптастарын қолдауға келген қыз балалардың орындауында «Сарбаздар», «Тек алға!», «Қазақстаным» сияқты патриоттық әндер шырқалды.
Сайыс ұландардың ант қабылдау рәсімімен аяқталды.
Бойларыңда от бар екен, байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен, байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым! деп сайыс соңында қатысушылар мен олардың ұстаздары марапатталды.
Фотосуреттерді мына жерден көре аласыздар https://www.facebook.com/groups/1522352141410218.
Байланысшы: Құдайбергенова Н. К.
тел: 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26335127
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы