«Меруерт қалашығының сиқыршысы»
16-шы маусымда Бесқарағай аудандық кітапханада Борас орта мектебіндегі жазғы демалыс лагеріндегі балалармен туғанына 125 жыл толып отырған балалар жазушы А.М. Волковтың «Меруерт қалашығының сиқыршысы» повесі бойынша ертеңгілік өтті.
Оның кітабын тек бір ғана ұрпақ оқыған жоқ. Бұл жарқын, ғажайып таңқаларлық, әсерлі оқиға кейіпкерлеріне толы ертегі. Жүргізушілер Толеуова Бақытгүл және 4 сынып оқушысы Болат Акжан балаларға А.М. Волковтың өмірбаяны туралы айтып берген соң, барлығы бірге ертегіге саяхат жасады. Балалар викторина сұрақтарына жауап бере отырып, кейіпкерлері балаларды бір- бірімен достыққа уйрететін «Меруерт қалашығының сиқыршысы» мультфильмін тамашалады. Іс-шараға қатысушыларға тәтті конфеттер таратылды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338964
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы