Еліміздің басты кітабы
Бесқарағай ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мерейтойлық датаны кең көлемде атап өтудің кешенді «25 ірі шара» жоспарланып өтіп жатыр. 21 қараша күні Борас орта мектебінде «Конституция – біздің негізгі Заң» тақырыбы аясында өткен жастармен кездесу кешінде аудандық кітапхана «Еліміздің басты кітабы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
В. Герман және Т, Шерікбай кітапхана қорындағы тақырыпқа байланысты кітаптаға шолу жүргізе отырып қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы көптеген мағлұматтар берді. Кітапханашылардың «адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды...» -деген сөздерінен кейін жастар кезектесіп шығып өздерінің неге құқылы және міндетті екенін көрсетті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Р.Н.Кисамиева, Бесқарағай аудандық соты А.С. Калиев, аудандық прокурордың көмекшісі А.М. Нуржаев, аудандық мәслихатының депутаты М.Е. Табылдин және ауыл жастары қатысты.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26055093
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы