homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Абайды білмек керек, ойлы жасқа»

Зайсан аудандық орталық кітапханасында  2016 жылдың  15 желтоқсанда аудандық мешіттің бас имамы Тимур Қайдарұлының ұйымдастыруымен  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының  өлеңдерін, қарасөздерін, музыкалық мұрасын дәріптеп, жас ұрпақты қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерделеуге шабыттандыру мақсатында Зайсан қаласындағы мектеп оқушылары арасында  «Абайды білмек керек, ойлы жасқа» атты қалалық Абай оқулары өтті.
Байқаудың мақсаты – көркем сөзді жете танып, сөз қадірін түсініп, әдеби тілде сөйлеуге дағдыландыру, Абайдың мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, Абай шығармалары арқылы жастарды отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, қазақтың ұлттық мәдениеті мен  өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру. Сайысқа қатысушылар 5-11 сынып оқушылары болды.
Байқау барысында үміткерлер ақынның лирикалық немесе азаматтық тақырыптағы  екі өлеңі мен бір қарасөзін мәнерлеп жатқа оқу арқылы сынға түсті. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын) жатқа оқу; «Абай қарасөздері – даналық көзі» (ұнаған қарасөзін жатқа айту); «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (Абайдың  өмірі мен шығармашылығы туралы интеллектуалды ойын) 
Сайыс барысында  ұлы ақын жайлы жасалған слайд, Интернет желісінене  А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының «Біздің Абай» электрондық кітапханасы, Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының виртуалды көрмесі «Әлемдік ойдың алыбы» және  «Дана-ой, терең жырдың тұнығы - Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.   Мәнерлеп оқу сайысында  жергілікті Абайтанушы, өлкетанушы «Абай әлемі», «Абайды оқы, таңырқа!», «Атамекен Зайсан» т.б кітаптардың  авторы Қ. Алтыбаев, «Абай оқуларын» өткізуге ұсыныс беріп, қолдаушы Зайсан аудандық мешіттің  бас имамы Т. Елеуов, аудандық кітапхана директоры Р. Самарханова әділ бағаларын берді. Х. Мұстафина атындағы лицейінің оқушысы Ж.  Сұлтан  Абайдың «Торыжорға» күйін  орындап, Зайсан қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы С. Салиев Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас» әнін нақышына келтіріп орындады. Сайысқа  қаланың М.Әуезов мектебі  мұғалімі Г.Сейтенова,  Ю.Гагарин мектебі мұғалімі Г.Ахметжанова, М.Дәуленов мектебі мұғалімі А. Марқабаева, Г. Райымханова  және М.Ломоносов мектебі мұғалімі  Б.Жәкебаева дайындаған оқушылар  қатысты. М.Әуезов мектебінің оқушысы  Диас  Бидахметов Абайша шапан киіп, сақал қойып, ақынның өзі келгендей әсер қалдырып, көрермен көзайымына айналды. Әділқазы алқаларының қорытындысы бойынша, 1-орынды М. Дәуленов мектебінің 11 сынып оқушысы Толқын Жадыра, 2-орынды М. Әуезов мектебі оқушысы Заданбекова Гүлбану, 3-орынды Мұхтарова Тоғжан иеленіп, Абайдың өлеңдері мен қарасөзін мәнерлеп оқыған М. Дәуленов мектебінің 10сынып оқушысы Асылхан Бағжанатқа, Ю. Гагарин мектебінің оқушысы  Гайсина Назымға «Көркемсөз шебері» дипломдары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ  М. Әуезов  мектебінің оқушысы  А. Асқарбекқызына, Ю. Гагарин орта мектебі оқушылары Д. Болатбекқызына, А. Абдильдабековаға, М. Ломоносов  мектебі оқушылары С. Жұмагелді, М. Ниязбекке, А. Рахымоваға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды. Оқушылар да кітапханаға арнайы әзірлеген Абай туралы фотоальбом мен суреттерін сыйға тартты.
zaisan 1512 1  zaisan 1512 2 zaisan 1512 3 zaisan 1512 4

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26334105
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102