Не? Қайда? Қашан?
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Менің Қазақстаным» Республикалық жастар форумында сөйлеген сөзінде: «Қазақстандықтардың жаңа буыны тек білімді және білікті маман ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның шынайы патриоты болуы тиіс» деген болатын. Өз еліне деген терең сүйіспеншілік сезім, шынайы патриотизм болмайынша нағыз азамат, нағыз адам болуы мүмкін емес. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында өткізілген ойын жастардың мәдени, рухани және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Ойынға №1 және №2 Теректі орта мектептерінен 5 ойыншыдан құралған 4 команда қатысты. Ойын өте тартысты өтті. Оқырмандар өздерінің білімдерін жоғары деңгейде көрсетті. Интеллектуалды ойын қорытындысы бойынша , әділқазылар шешімімен І-ші орынды «Арлан» тобы, ІІ-ші орынды «Барыс» тобы, ІІІ-ші орынды «Қыран» тобы иеленіп, мақтау қағаздарына және кітапхана ұжымының сый-сыйапатына ие болды. Ойын барысында музыкалық үзілістер болып, 9-шы сынып оқушысы Мағұлбекова Балнұр «Тәуелсіздік толғауы» атты өлеңін тарту етті. Проекторлық экран арқылы «Тұғыры биік Тәуелсіз мемлекет» атты слайд көрсетілді. «Тәуелсіздік тұғыры- Ұлы дала арманы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ойын соңында кітапхана ісі бойынша іс-тәжірибеден өтуші жастар ҚАЕУ колледжінің студентері Амантаева Ақмарал мен Қасенова Мөлдір ойыншыларды құттықтап, «Қазақ елі» әнін жолдады. Ойынға қатысушы оқырмандар кітапхана ұжымына және іс-тәжірибеден өтуші студенттерге өз алғыстарын айтып, ойын жайлы пікірлерін білдіріп, өткізіліп отырған интеллектуалды ойын жалғасын тапса екен деген өз жақты ұсыныстарын білдірді.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26337882
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы