Қызға қырық үйден тыйым
Мақсаты- қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі. «Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге» деп өскен халық қызын еркелетіп, бетінен қақпай өсірген.Осыған байланысты аталмыш шара арқылы жеткіншек ұрпаққа жөнімен ақыл айтып, жөн сілтеп имандылыққа тәрбиелеу. Бүгінгі шара арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан тәрбиені келер ұрпаққа 
түсіндіру, ұлт құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу. Дөңгелек үстел шарасына Күршім колледжінің 1-2-3 курс студенттері, мұғалімдері, тәрбиешілері, ауыл тұрғындары , Сонымен қатар шараға Қатон Қарағай кітапханашылары скайп арқылы қатысып,пікір алмасты. Шара барысында өмір түйткілдерінен осы тақырыпқа байланысты «Қоғамда тастанды балалардың көбейіп, қыздарымыздың ерте жүкті болуына не себеп?», «Қызға қырық үйден тыйым» деген сөзді қалай түсінесің?», т.б. сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасты.
Пікір алысу өте тартымды өтіп, колледж мұғалімдері Карипчалова М.Қ., Дауенова А.Д. , Алпысова Н. , Журтпаева Х. және студенттер Мырзабекова Қ.,Мұқаева М. аталмыш шараға аса қызығушылық танытып,белсене қатысты.
Шара барысында -Интернет желісінене «Көліктен лақтырылған сәбидің монологы» , «Қызға қырық үйден тыйым»» атты бейнероликтер және тақырып бойынша слайд-презентация көрсетілді. «Иманды ару- ұлт байлығы» атты кітап көрмесі ұсынылып, аруларға арналған қазақ ақын- жазушыларының шығармалары ұсынылып, Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар » романына әдеби шолу жасалып, оқырман қызығушылығын оятты.
Дөңгелек үстел өте тартымды өтіп, шара соңында кітапханаға 15 жаңа оқырман жазылды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26335127
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы