homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Аймақтық семинар Күршімде өтті

Аймақтық семинар Күршімде өтті

2015 жылғы маусымның 24-25-де Күршім ауылында облыстық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен Ұлт жоспары - мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамын» зерделеу және талқылау мақсатында «100 нақты қадам - Ұлт жоспарын жүзеге асыру жолында» тақырыбында аймақтық семинар өтті.

Аталмыш жиынға Күршім, Зайсан, Катонқарағай және Көкпекті аудандары кітпаханаларының директорлары мен мамандары қатысты. Аймақтық семинарды ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Бақытхан Фазылұлы Өлмесеков ашып, мәдениет бөлімінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Күршім ауданы әкімінің орынбасары Қалелов Мамырбек Жәлімханұлы семинарға қатысушыларға жұмыстарына сәттілік тіледі.
Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана директорының орынбасары Бибігүл Шагиева жиынға қатысушыларды семинардың мақсатымен таныстырып, негізгі тақырып бойынша әңгімелеп берді. Ол кітапхана ісін жетілдіру және кітапханашылардың біліктілігін арттыру мәселелеріне Ұлттық жоспарда белгіленген қадамдардың тарихи маңыздылығына, келешегі зор екендігіне ерекше назар аударды. Елбасының халыққа жолдаған 100 нақты қадамын іс жүзінде жүзеге асырудың жолдарына тоқталды. Бұл жоспар барша қазақстандықтарды бірлікті бекемдеп, аянбай тер төгуге шақырады. «100 нақты қадам» бағдарламасы жөнінде ой-пікір бөліскен талқылау болды. Қатысушылар 5 топқа бөлініп, бес институционалдық реформаны жүзеге асыруда кітапханалар қандай қызмет түрлерін ұсынуға болатыны туралы жобалар әзірлеп қорғап, пікірталас өтіп, ұсыныстар айтылды.
Семинардың екінші бөлімінде қатысушыларға ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойы аясында Семей қаласындағы Абай атындағы облыстық кітапхана маманы Ж. Манжибаева таныстырды. Қатысушылар «Біздің Абай» электрондық кітапханасына енгізілген жаңа мәліметтермен танысты. Жыл сайын Республика көлемінде өткізілетін "Бір ел - бір кітап 2015" акциясыаясында Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпараттар мен кеңестер ұсынылды.
Кітапхана жұмысының ішінде ең маңыздысы –аймақтық компоненттерге назар аудару. Өлкетану- жергілікті туризмді дамытудың негізі. Семинар жұмысында «Өлкетану-туризмді дамыту құралы» деген ой қозғау жүргізілді. Кітапханашылар осы тақырып бойынша өздерінің ойларын ортаға салды. Қатысушылар аймақтық семиинар өткен Күршім ауданының көрікті жерлерінің бірі, ғалымдар «Әлемнің сегізінші кереметі» деп атайтын Қиын керіш шатқалына барып, үлкен әсермен оралды.

Аймақтық семинар Күршімде өтті Аймақтық семинар Күршімде өтті Аймақтық семинар Күршімде өтті Аймақтық семинар Күршімде өтті Аймақтық семинар Күршімде өтті Аймақтық семинар Күршімде өтті Аймақтық семинар Күршімде өтті Аймақтық семинар Күршімде өтті Аймақтық семинар Күршімде өтті Аймақтық семинар Күршімде өтті IMG 5058 Аймақтық семинар Күршімде өтті Аймақтық семинар Күршімде өтті  kyinkers2

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26337836
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102