
28-ші қыркүйекте Шемонаиха қаласының онлайн орталығында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» «Бір кітап- бір ел» акциясына арналған әдеби-музыкалық кеш өткізілді, бұл акция жазушының жүзжылдық мерейтойына тұспа-тұс келді. Кітапханашының танымдылық әңгімесі барысында трилогия туралы материалдардан басқа да тарих жаратушысы І.Есенберлин туралы деректі фильмінен үзінді және «Көшпенділер» фильмі туралы трейлер қосылған слайд-тұсаукесер көрсетілді. «Қазақ тілі» қазақ қоғамдастығының «Асыл әжелер» вокалдық тобының орындауындағы әндер, «Салтанат» күйі кеңбайтақ қазақ даласын ашып көрсетті. "Көшпенділер" Ілияс Есенберлин
виртуалды және дәстүрлі «Менің жаным халық жанымен ұштасқан» кітап көрмесіне шолу келушілерді жазушының басқа да танымал туындыларымен таныстырды. Балалар «Тарих шеңбері» викторинасында жақсы білімдерін көрсетіп, сыйлықтар алды. Іс-шара кітапханаға экскурсия жасаумен және естелік фотосуретімен аяқталды.