homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Аймақтық семинар Ақсуатта өтті

IMG 9811Ағымдағы жылдың қазан айының 28-де Тарбағатай ауданының Ақсуат  ауылында облыстықIMG 9815 кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен Елбасының 5 институцианалды реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» бағдарламасын талқылау мақсатында аймақтық семинар өтті.

 Аталмыш жиынға Тарбағатай, Аягөз және  Үржар  аудандары  кітпаханаларының директорлары мен мамандары қатысты. Семинарға  Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі басшысы Жұбаныш  Ұлықбекұлы,  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы Қайырбекова Балжан Сайлаубек қызы қатысыты. Ж. Ұлықбекұлы  Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, осы реформаға байланысты ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды қысқаша айтып өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана директорының орынбасары Бибігүл Шагиева  жиынға қатысушыларды семинардың мақсатымен таныстырып, негізгі тақырып бойынша әңгімелеп берді. Ол кітапхана ісін жетілдіру және кітапханашылардың біліктілігін арттыру мәселелеріне Ұлттық жоспарда белгіленген қадамдардың тарихи маңыздылығына, келешегі зор екендігіне ерекше назар аударды. Елбасының халыққа жолдаған 100 нақты қадамын іс жүзінде жүзеге асырудың жолдарына тоқталды. Кітапхана мамандары  «Ұлт жоспарының» маңызы мен мәніне жете үңіліп, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мәселесі бойынша түрлі пікірлерін білдірді.Қатысушылар топтарға  бөлініп, бес институционалдық реформаны жүзеге асыруда кітапханаларда қандай қызмет түрлерін ұсынуға болатыны туралы жобалар әзірлеп, қорғап, пікірталас өтіп, ұсыныстар айтылды.

Семинардың екінші бөлімінде қатысушыларға кітапхана жұмысының ішінде ең маңыздысы –аймақтық компоненттер жайлы әңгімеленді.

Өлкетану- жергілікті туризмді дамытудың негізі. Семинар жұмысында «Қазақстан Республикасы  туризм саласын дамыту  тұжырымдамасын жүзеге  асыруда кітапхананың ролі» тақырыбында   шолу жасалып, кеңестер берілді. «Өлкетану-туризмді дамыту құралы» деген ой қозғау жүргізілді. Кітапханашылар осы тақырып бойынша өздерінің ойларын ортаға салады. Сондайақ толықмәтінді электрондық кітапханаларды «Біздің Абай», ,  «Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер» күнтізбегін, виртуалды кітап көрмелерін пайдалану жөнінде ұсыныстар берілді. 

    IMG 9858 IMG 9860 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26331670
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102