Ағылшын тілінде «Хеллоуин» тақырыбындағы онлайн сабағы
Келешек ұрпақтың үштілділігін дамыту мақсатында Бесқарағай аудандық кітапханада бірқатар іс-шаралар өткізіледі, солардың бірі облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапхананың ағылшын мәдени орталығымен «Happy Halloween – Бақытты Хеллоуин» тақырыбындағы онлайн уақытында өткізілген сабақ- Хеллоуин мерекесіне арналды
. Бұл көңілді іс-шараға Үлкен Владимировка орта мектебінің 8 сынып оқушылары ағылшын мұғалімі Тынынбаева Қарлыгаш Темирбековнамен бірге қатысты. Кітапхана мерекеге сай көрнекіленді. Іс—шара ағылшын тілінде өтті.
Балалар таңқаларлықтай әр түрлі бейнелерде келді. Оқушылар презентация көре отырып «Мейрамның қандай белгілерін білесіңдер?» деген сұрақтарға жауап берді, «Ең қорқынышты асқабақ» конкурсына қатысып, «Кім бірінші мүрдені орайды» ойынын ойнады және қорқыту билерін биледі. Ағылшын орталығындағы әріптестеріміз балалардың білімдеріне және осы мейрам туралы білетіндіктеріне, ағылшын тілінде сөйлеуге ынталарының зор екеніне риза болды. Оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен, тәттілермен, сөз қорларын толықтырып қайтты.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26334866
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы