homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Хантәңірінің мұзбалағы – Мұқағали

images/urdzhar_11fevr_1.jpgҮржар аудандық орталық кітапханасының онлайн-орталығында ағымдағы жылдың  11 ақпанында Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына   ауданымыздың  6 мектебінің 8-10 сынып оқушылары  арасында  «Хантәңірінің мұзбалағы- Мұқағали» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Аталған іс-шараны ұйымдастырушылар - аудандық кітапхана ұжымы мен «АСК» жастар альянсы. Шараның мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушыларға насихаттау, поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншіліктерін арттыру. Сайыс кеші шымылдығын  жүргізушілер А.Маратов пен Е.Абенгазиева  ашып,кештің мазмұнды өтуіне мұрындық болды. Мәдениет Үйінің  қызметкерлері –әншілер: Ә. Каниев, Г. Сейтқалиева, Е. Қарқынов, кітапханашы Г.Ақжігітова  Мұқағалидың әндерін құйқылжыта шырқап, кештің шырайын келтірді. Іс-шара барысында  Интернет желісінен «Мұқағали Мақатаев өз дауысы» , «Пай, пай, Өмір! Өтесің-ау бір күні...» бейне –сюжеттері көрсетілді. 
Жыр сайысында 3 топқа бөлінген қатысушы оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін нақышына келтіріп  мәнерлеп оқыды. Сайыскерлер арасынан шын мықтыларды анықтау аудандық Мәдениет Үйінің директоры М.Кебіспаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы-Б.Мақсатқызы, аудандық тілдер дамыту бөлімінің urdzhar 11fevr 2жетекші маманы А.Микенова,аудандық кітапхана директоры С.Ибраева,Тұрлыханов орта мектебінің ұстазы С.Умрахимов  бастаған қазылар алқасына оңайға түспеді. 1-орынды Тұрлыханов атындағы мектебінің 10 сынып оқушысы Б.Толықбаева;  2-орынды Абай орта мектебінен Т.Кеңесова, ӘММ-нен Қ.Советбекова, Крупская орта мектебінен  К.Кемелбекова;  3-орынды  Жансүгіров орта мектебінен  Ә.Максұтқанқызы, Тұрлыханов атындағы орта мектебінен  Т.Серікова, Б.Момышұлы орта мектебінен І.Әсембаев  иеленді.
  urdzhar 11fevr 3Кітапхана директоры іс-шара барысын қорытындылап, « ақиық ақынымыз Мұқағалидың өлеңдерін -рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!», -дей келіп,қатысушы оқушыларға, ұстаздарға,кеш қонақтарына алғысын білдірді.
   Кеш соңында ұстаздар  және ӘММ ұжымы атынан Б.Садуакасова жүрекжарды пікірлерін айтып,ұйымдастырушыларға алғыстарын  білдірді.
 Алдағы уақытта да осындай тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар жалғасын табады деген  оймен қатысушылар көңілді тарқады.
 
 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26340749
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102