Поэзия кеші өтті.
Кеш өлең өнеріміздің көсегесін көгерткен тұлғалардың бірегейі, қазақ классикалық поэзиясының марқасқасы, өмірі өлең, өлеңі өмірге айналған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналды.Шараға С.Сейфуллин атындағы орта мектеп және Мақаншы орта мектебінің ұстаздары, 9-10 сынып оқушылары қатысты.
Кеш М.Мақатаевтың өміріне арналған «Мұқым елдің мұзбалағы» - Алматы телеарнасының «Алып шаһар документалистикасы» атты бағдарламасынан Мұқағали Мұқатаев туралы «Мұқым елдің мұзбалағы» бейне материал көрсетілуден басталды.Поэзия жұлдызына арналған кеште оқушылар арасында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан сайыс өтті, мәдениет үйінің өнерпаздары ақынның сөзіне жазылған әндерін шырқады. Кеш соңында қатысушылар назарына «Мен саған аманат етем жырымды...» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26332832
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы