homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Ауған асуында от кешкендер

Зайсан ауданы ішкі саясат бөлімі және аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 15 ақпанда - «Мұрагер»  ардагерлер ұйымы үйінде ауған соғысына қатысқан жауынгерлермен кездесу өткізілді.
zaisan afhanistan1Биыл КСРО әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 27 жыл толды. 1979 – 1989 жылдар аралығын қамтыған , 10 жылға созылған соғыс - «Ауған соғысы» аталып әлемдік тарихта қалды. Осы соғыста Зайсан ауданынан 67 жас жігіт  Ауғанстан жерінде интернационалдық борыштарын өтеді.zaisan afhanistan3 Жауынгерлік борышын өтеу барысында құрбан болып , қыршын кеткен боздақтардың есімдерін халық жадында жаңғыртумен қоса , от пен оқтың ортасынан аман оралып , еліміздің дамуына үлес қосып жүрген «Ауған соғысы» ардагерлерінің ерлігін дәріптеу парызымыз. Зайсан ауданы ішкі саясат бөлімі және аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 15 ақпанда - «Мұрагер»  ардагерлер ұйымы үйінде ауған соғысына қатысқан жауынгерлермен кездесу өткізілді. Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы З. Дүйсенбаева  ауған соғысы  деректеріне тоқталып, тарихи маңызынан хабардар етті. Зайсан ауданының құрметті азаматтары, аға буын өкілдері , ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Мырзаханов , әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Қашағанова , ҚР Журналистер одағының мүшесі Қ.Алтыбаев , Ауған соғысы ардагерлер аудандық ұйымының төрағасы С.Манамбаев , «Ерікті мүгедектер қоғамдық бірлестігінің» төрағасы С.Мәкей - Ауғанстан жерінде борышын  өтеген халқымыздың батыр , жауынгер ұлдарынының ерлігі қандай құрметке де  лайықты екендігіне тоқталды. Аудандық мәдениет үйінен  келген  әншілер   ардагерлер  құрметіне ән шырқап ,  ғаламтор арқылы алынған ауған соғысындағы жауынгерлердің ерлікке толы бейнекөріністері көрсетілді. Көкпекті , Қарауыл  онлайн  орталықтарындағы әріптестеріміз ауған соғысы ардагерлеріне ізгі тілектерін  жолдады. Аудандық кітапхана «Ауғаныстан тарих қойнауының бір парағы» атты кітап көрмесін және ауған соғысы жайлы жазылған шығармалардан «Ерлік – ұрпаққа мұра» атты библиографиялық шолу ұсынды.Интернационалист жауынгерлер Ауған жерінде өткен күндерін еске алып , естеліктерін ортаға салды.Кездесу соңында аудандық ішкі саясат бөлімі  ардагерлерді  арнайы  сый – сыяпаттармен  марапаттады. 
 
 

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26336497
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102