Алғыс шын ниеттен шығады
29 ақпан күні Риддер қаласының орталық балалар кітапханасында, биыл Қазақстанда бірінші рет өткізіліп жатқан Алғыс айту күніне арналған «Алғыс шын ниеттен шығады» атты Мемори-дайвинг (өткенге оралу) өткізілді.
Кітапханашылар мектеп-гимназияның 9 сынып оқушыларына мерекенің неге осылай аталғанын және неліктен 1 наурыз күні аталып өтетініміз туралы,Қазақстанда тұратын әрбір ұлт өкілінің бір- бірінің салтын,дәстүрін сыйлау және ынтымақтастық пен бірлікте өмір сүру керек екендіктерін айтып өтті.Сонымен қатар бірқатар салт-дәстүрлермен таныстырып өтті.Мысалы: «Бата», «Шашу», «Құтты болсын» дәстүрлері. Сонымен қатар «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» бейне-ролик арқылы қазақтың дастарханы туралы кеңінен мағлұмат берілді. Оқырман залында «Туған жер салтында...» деп аталатын кітап көрмесі ұйымдастырылған.Көрме бөлімдері: 1.Салт-дәстүрлер. 2.Отбасы ошағы. 3.Дастарқан. 4.Халықтық кәсіп. Шараға Халықтар Достығы үйінің «Дударай», қазақ тілінде «Ақ бұлақ» әнін орындады. Шара соңында оқушылар мәдениет үйінің алдындағы алаңқайға шығып «Мен алғыс айтамын» атты Маркетинг және жарнама бөлімінің ұйымдастыруымен флэшмоб өткізілді.Флэшмоб барысында оқушылар «Мен алғыс айтамын» ұранымен, қолдарына «Қазақ халқына тағзым», «Алғыс айтудың себебі бар» деп жазылған түрлі-түсті жалаушалар, «Рахмет!», «Спасибо!» деген жазуы бар шарлар ұстап шықты. Әрбір қатысушыға қала кітапханаларының мекен-жайлары жазылған парақшалар тапсырылды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26340749
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы