Бітімгершілік-құқықтық реформаны алға жетелейтін қуатты қадам
Медиацияның тараптары жеке және (немесе) заңды тұлғалар бола алады. Медиатор медиацияның тарабы болып саналмайды, ол тек дауласушы тараптардың шешім қабылдау процесіне көмектеседі. Медиация рәсіміне қатысуы қажет болса заңгерлер, аудармашылар, сарапшылар қатыса алады.Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрайымы Жунуспекова
Салтанат Серикжановна осы тақырыпқа байланысты қысқаша баяндама жасады. Баяндама барысында Медиацияның жалпы ережелерімен,мақсаттарымен,негізгі үғымдарымен,жүргізу қағидаттарымен,еріктілігімен таныстырып өтті. Проекторлық экран арқылы «Бітімгершілік саясат және оның құқықтық орындарда қолданылуы» атты слайд көрсетілді. Кәсіпқой емес медиаторлар медиацияның кәзіргі заманда қоғамда атқарар ролі жайында өз ара пікір бөлісті. Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі- деп Ермекова З.Қ өз ойын білдірді. Семинарға қатысушылар кездесудің тиімді өткенін айтып,алғыстарын білдірді.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26331670
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы