«Зиянды» әдетсіз өмір
1-ші сәуірде Риддер қаласының Н.В. Гоголь атындағы Орталық қалалық кітапханасында «Зиянды» әдетсіз өмір» деп аталатын плакаттар конкурсы өтті.
Конкурстың басты мақсаты – темекі шегу, есірткі және маскүнемдік сияқты зиянға қоғам назарын аудару. Н.В.гоголь атындағы Орталық қалалық
кітапхана қызыметкері И.Б.Судакова кездесуді Н.Ә.Назарбаевтың мынандай сөздерімен бастады: «Біздің жас мемлекет өсіп және ер жетіп келеді, сонымен бірге біздің балаларымыз және немерелеріміз бой жетіп келеді. Денсаулықтары мықты, жақсы білімді, өз ұрпақтарының жауапты өкілдері болады». Плакаттар конкурсына үлкендер де, кішілер де қатысты. Білікті жюри,
оның құрамына: «Риддер қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры С.В.Кагарманов –жюри төрағасы; «Рудный Алтай жазушылары» қалалық әдебиетті бірлестіктің басшысы М. С.Немцев; суретші, ақын К.С.Первушин, сонымен қатар «Нұрсалаут» Риддер қаласының Жастар денсаулық орталығының мамандары Ю.В.Бирюкова және Н.С.Богдан, конкурс жеңімпаздарын анықтады. 3 орынды «Шаңырақ» көп салалы мектеп-гимназиясы оқушылары А. Нұрсултанова және Д. Байбинова бөлісіп алды, 2 орын зейнеткер-оқырман Б.М. Сокольскиға берілді. Конкурс жеңімпазы «№14 ОМ» КММ оқушысы– В. Денисенко. Сонымен қатар бірнеше номинация анықталды: «Жарқын қатысқаны үшін», «СӨС насихаттағаны үшін», «Ақпаратты бағыты үшін». Жеңімпаздар силық алды, ал қалған қатысушылар – Н.В.Гоголь атындағы Орталық қалалық кітапханадан естелікті силықтар алды. Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26332832
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы