Әдебиет ордасы
Ұлылар мекені - Абай ауданы конкурсқа арнап ерекше- төрт бөлмелі киіз үй әкелді. Халқымыздың сән –салтанатын көрсететін әрқайсысы сегіз қанаттан тұратын ақ үй - «Әдебиет ордасы» ерекше көз тартады. Қонақтарды ақындар мен жазушылар бейнесіндегі жүргізушілер қарсы алды. Орданың дәл төрінде Абай аудандық М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлері «Шежірелі Шыңғыстау –қасиет дарыған құт мекенім» -кітап көрмесін ұйымдастырды. Әдебиеттің үш алыбы Абай, Мұхтар ,Шәкәрімнің суреттері көрменің тақырыбын аша түскендей. Олардың шығармашылығы мен өмір жолдарынан сыр шертетін алуан түрлі кітаптар көздің жауын алады. Әрі қарай Абайдың ақын шәкірттерінің, Семей өңірінен шыққан ақын-жазушылардың кітаптары қойылған. «Абай», «Шәкәрім әлемі» журналдары да оқырмандар қызығушылығын туғызды. Әдебиет ордасының сол жақ қанатында Абай аудандық кітапханасына, Абай елінің кітапсүйер қауымына сол ауданна шыққан белгілі қоғам қайраткерлері, саясаткерлер сыйға тартқан кітаптарынан ірі етіп «Сыйлық» деп жазылған жазу көрмеге ерекше сән берді. Жаңа кітаптардан жасалған биіктігі бір метрге таяу әдеби құдық жұрт назарын өзіне аударды. Киіз үй ортасындағы дөңгелек столға кітапхана қорындағы сирек кітаптар, Абай,Шәкәрім, Мұхтар мүсіндері қойылып, Интернет желісінен «Біздің Абай» электрондық кітапханасы көрсетілді. Шын мәніндегі Әдебиет ордасына қызығушылық танытып, келушілерлер көп болды. Сөйтіп, атына заты сай «Әдебиет ордасы» көпшілік көңілінен шықты. Конкурс комиссиясының шешімімен Абай аудандық мәдениет бөлімі «Асыл мұра» номинациясы бойынша марапатталды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26335127
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

























































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы