Кітапхананың жаңа оқырмандары
27 ақпан күні Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінің 5 «Г» сыныбында оқитын 18 оқушы біздің кітапханамызға оқырман болып жазылды. Оқушылар кітапханаға саяхат жасады. Саяхат жасап болғаннан кейін әр бала өзіне ұнаған бөлімдеріне қайтып барып, сол бөлімдегі ұнатқан кітаптарымен және ойыншықтарымен жақынырақ танысты. Бұл оқырмандарымыз ертеңгі күннен бастап кітапханада өтетін үйірмелерге келіп, қатысатын болды. Олар кітапханаға жазылғандарына өте қуанышты. Біз де балаларға және сыныптың тюьтор-кураторы Ержанова Аяулым Ержанқызына тек шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!
Толығырақ...Бесплатный доступ к eLibraryUSA
Ауған ақиқаты
23 ақпан күні Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінде кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 27 жыл толуына орай «Ауған ақиқаты» атты кездесу өтті. Бұл іс-шараға А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері Слямова Зиза Мұхтарханқызы мен Құдайбергенова Нұргұл осы тақырыпқа орай кітап көрмесін апарды. Көрменің мақсаты - жастарды отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелеу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету және олардың ерлігін ұрпақ жадында қалтыру. Көрмеге шолу жасалып, оқушылар мен ұстаздарға "Ауған соғысы" атты деректі фильм мен слайд көрсетілді.
Толығырақ...3D үлгілеу үйірмесі
Кітапхананың Жастар интеллект орталығындағы «3D үлгілеу» үйірмесі енді тереңдетілген түрде жүретін болады. Енді қатысушылар заттарды 3D сканерден өткізіп немесе арнайы сайттардан алынған дайын өнімдерді басып шығарып қана қоймай, өз ойларынан шығарған үлгілерді басып шығаратын болады. 3D режимде үйлерді тұрғызып оны жиһазбен безендіретін дизайнерлік Swect Home 3d, ландшафт пен фасадты безендіріп, мультипликациялық анимация жасайтын Google Sketch Up, жарнамалық графика жасайтын Bryce 7, морфинг, яғни, бір бейнені екінші бейнеге айналдыру арқылы бейнежазба түсіретін Smartmorph графикалық бағдарламасын
Толығырақ...Кітап сыйлау, махаббат сыйлау...
14 ақпанда әлемде айрықша акция – Халықаралық кітап сыйлау күні өтеді. Оның мақсаты қарапайым және мейірімге толы – ЖАҚСЫ КІТАП СЫЙЛАУ! Егер қолыңыздан келсе, басқа да адамдарды осындай іс-әрекетке ұйымдастырып, шабыттандыру. Кітапты досыңа немесе отбасы мүшесіне сыйға тарту. Осы мерекеге орай біздің кітапханада мерекелік іс-шара өтті.
Толығырақ...Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26609410
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы