«Бәрі де мүмкін...»: Назила Слямқызымен онлайн кездесу
24 шілде күні сағ.15.00 А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен ақын, жазушы, мотиватор Абилханова Назила Слямқызымен тікелей эфир Instagram желісінде @nazila_islamkyzy парақшасында өтті.
Толығырақ...«Ақын - ұлттың жүрегі»
Шілде айының 23 күні сағат 15.00 кітапхананың ұйымдастыруымен талантты суырып салма ақын Қуаныш Еркінұлымен онлайн-кездесу өткізілді. Кездесу қонақтың Erkinkuanysh жеке инстаграм парақшасында өтті.
Толығырақ...«Әл-Фараби және Абай: ұлылар үндестігі» онлайн лекция
22 шілде күні сағат 16.00-де Facebook @pushkinlibrary.kz парақшасында кітапхана оқырманы, волонтері Уалханов Замирбектің «Әл-Фараби және Абай: ұлылар үндестігі» деген тақырыпта онлайн сұхбаты өтті.
Уалханов Замирбек Нуралыұлы Катон-Қарағай ауданы, Топқайың ауылының тумасы. Замирбек Нуралыұлы техникалық бағыттағы мамандық иесі болса да, әрқашан әдебиетке, ғылыми және көркем кітаптарды оқуға ұмтылды.
«Қазақ журналистикасының қазіргі өресі» журналист Қайнар Олжаймен тікелей эфир
21 шілде күні, сағат 19.00-де А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасының ұйымдастыруымен танымал журналист Қайнар Олжаймен фейсбуктегі https://www.facebook.com/kainar.olzhaev парақшасында тікелей эфир өтті.
Қайнар Қалиақпарұлы Олжай - қазіргі таңда қазақ журналистикасында өзіндік мектеп қалыптастырған аға буын журналистің бірі.
Жазушы, өнертанушы, публицист, архитектор Лариса Мартыновамен онлайн кездесу
2020 жылы 16 шілдеде сағат 15.00-де кітапханамыздың белсенді оқырманы, жазушы, ақын өнертанушы, публицист, архитектор ШҚ өнер мұражайының қызметкері Мартынова Лариса Ивановнамен онлайн кездесу өтті.
Толығырақ...Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26615146
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы