«Қазақ журналистикасының қазіргі өресі» журналист Қайнар Олжаймен тікелей эфир
- Толығырақ
- Құрылды 19.07.2020 17:56
21 шілде күні, сағат 19.00-де А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасының ұйымдастыруымен танымал журналист Қайнар Олжаймен фейсбуктегі https://www.facebook.com/kainar.olzhaev парақшасында тікелей эфир өтті.
Қайнар Қалиақпарұлы Олжай - қазіргі таңда қазақ журналистикасында өзіндік мектеп қалыптастырған аға буын журналистің бірі.
Қайнар Олжайды көпшілік «Мың бір мақал», «Деген екен», «Солай болған», «Тіл», «Сөзмерген», «Ілік септігі» т.б бағдарламалары мен «Бірінші» тарихи-деректі телефильмінің авторы ретінде таниды.
Журналист 1958 жылы ШҚО, Тарбағатай ауданында дүниеге келген. «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары, ТМД Журналистер Конфедерациясы сыйлығының лауреаты, ҚР Президенті грантының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
1994 жылы «Президент пырағы», 2007 жылы «Қара нары қазақтың», 2008 жылы «Атамыз – Аласанбай», 2010 жылы «Қанат байлаған қазақ» және 2017 жылы «Жер мен аспан арасындағы» кітаптары жарыққа шықты.
Бүгінгі қазақ журналистерінің ағасы Қайнар Олжай 1 жарым сағатқа жуық тікелей эфирде болып, керемет әңгімелер айтылды. Онлайн кездесуді Қайнар Олжайдың парақшасынан көре аласыздар.
Байланысшы: Аскерхан Ақтай 87011830084
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339564
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы