«Киелі Алтай»: Катонқарағайдың әсем табиғаты туралы фотокөрме
21 сәуір күні А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Киелі Алтай» фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде ұсынылған авторлық фотосуреттер – Катонқарағай ауданының ерекше орындарына жасалған «Киелі Алтай» ауқымды экспедициясының нәтижесі.
Толығырақ...«Айбергенов әлемі» Т. Айбергеновтың қызы Салтанат Айбергеновамен онлайн-кездесу
Кітапхананың ұйымдастыруымен ақын Төлеген Айбергеновтың 85 жылдығына орай ақынның тұңғыш перзенті, филология ғылымдарының кандидаты Салтанат Айбергеновамен ZOOM платформасында тікелей эфир өтті.
Толығырақ...«Өмір кітабымның тараулары»: жаңа кітаптың тұсаукесері
13 сәуір күні Пушкин атындағы облыстық кітапханада жерлесіміз, ұстаз, жазушы Сарышева Фарида Батырбекқызының «Өмір кітабымның тараулары» кітабының тұсаукесері өтті.
Толығырақ...Қош келдің, Әз-Наурыз!
Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің, адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтың алтын арқауы. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеген. 16 наурыз күні барша кітапхана қонақтары «Қош келдің, Әз-Наурыз!» әдеби-музыкалық қонақжайында талантты да өнерпаз сал-серілерімізбен бірге мерекелік дастарханнан дәм татып, «қазақтың ұлттық салт-дәстүріне арналған қойылымдарына куә болды.
Толығырақ...«Мұхтар Әуезов әлемі» онлайн форсайт-форум
Әр ұлттың маңдайына біткен ұлы тұлғалары болады. Олар қанша ғасыр өтсе де сол ұлттың мөрі тәрізді санаға соғылып, адамзаттың ортақ құн¬ды¬лығына айналады. Ағылшындар үшін – Шекспир, француздар үшін – Бальзак, орыстар үшін – Пушкин, өзбектер үшін – Науаи, әзербайжандар үшін – Низами болса, қазақтар үшін, әрине – Абай. Сол Абайдың ұлылығы мен данагөйлігін дүниеге паш етіп, әлемді қазақ әдебиетінің тұнығымен таныстырған – ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов. Жазушының биылғы 125 жылдық мерейтойы аясында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен 11 наурыз күні Zoom-платформасында «Мұхтар Әуезов әлемі» атты онлайн форсайт-форумы өтті.
Толығырақ...Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26596090
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы