«Езу тартар» сурет көрмесінің ашылуы.
1 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада "Парасат жолы "жобасы аясында сатира, әзіл және карикатура жанрындағы"Езу тартар" сурет көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Карикатура – жауынгер жанр. Бұл жанр қоғамдағы түйіткілді мәселелерді, халық пікірін сурет арқылы билікке жеткізудің бір жолы.
«Езу тартар» – қаламызда бұрын-соңды болмаған ерекше көрме! Жерлес суретшілердің сатира, шарж, карикатура жанрындағы еңбектерінің алғашқы көрмесі 13 қылқалам шеберінің шығармаларын халық назарына ұсынды. Көрме түрлі тақырыптарды қамтиды. Соның ішінде езуге күлкі үйіретін әріптестерге арналған шарж бен қазіргі таңдағы өзекті тақырыптарды баяндайтын картиналар ерекше назар аудартады.
«Жаңғыру» шығармашылық бірлестігі 2019 жылы белгілі суретші жерлесіміз Құдаш Дәулетқанұлы Нұрсадықовтың бастамасымен жас таланттарды қолдау және аймағымыздағы бейнелеу өнерін дамыту мақсатында құрылған болатын. Қазіргі таңда шығармашылық бірлестік 25 суретшінің басын қосып отыр.
Ашылу салтанатында ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР суретшілер, журналистер мен Жазушылар Одағының мүшесі Еркін Нұразхан құттықтау сөз сөйледі. Көрменің маңыздылығы туралы Суретшілер одағының мүшелері Бекбердинова Гүлнар мен Тұрғанбаев Ержан айтып берді.
Іс-шараға қатысушылар Ержан Тұрғанбаев, Мерей Қайнарұлы, Гүлнар Бекбердинова, Маржан Бақытбекова, Айбек Самарханов және басқа да қылқалам шеберлерінің сатиралық картиналарын көрді. Іс-шара соңында суретшілерге алғыс хаттар табыс етілді. Көрерменге үлкен эмоциялық әсер сыйлайтын, бірде қуантып, бірде ойға шомдыратын тамаша туындылар көрмесі 5 сәуірге дейін жұмыс істейді.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26057625
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы