homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетЖаңалықтар"Мен жазған кезде, шындыққа сүйенемін" онлайн - кездесу
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

"Мен жазған кезде, шындыққа сүйенемін" онлайн - кездесу

 
23 сәуір күні «Парасат жолы» жобасының аясында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың https://www.facebook.com әлеуметтік желісінде жазушы, ақын, журналист, мәдениеттанушы, 2017 жылғы "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы Юрий Серебрянскиймен онлайн-кездесу өтті. Бұл кездесу Дүниежүзілік кітап күніне орай ұйымдастырылды.
Юрий Серебрянскийдің әдебиетке барар жолына келсек:  ол бала кезінде өте көп оқыды, соның ішінде балалардың қабылдауына қиын кітаптар да болды;  20 жастан бастап әртүрлі оқиғаларды, кейіпкерлерді, адамдарды жаза бастады. Алайда, ол эколог-химик мамандығы бойынша білім алды. Біраз уақыт қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрлігінде, сондай-ақ, БҰҰ даму бағдарламаларында халықаралық экологиялық заңнаманың сарапшысы ретінде жұмыс істеді. Кейін журналистика және жеке кәсіпкерлікпен айналысты. Ольга Маркованың жетекшілігімен "Мусагет" қоғамдық қоры әдеби курстарының тыңдаушысы болды. Ольштын қаласындағы Варминск-Мазур университетін мәдениеттанушы, мәдениетаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.  
Оның таланты Ресейде, Қазақстанда, Польшада бірнеше рет сыйлықтар және марапаттармен бағаланды.
«Книга о вкусной и здоровой казахстанской литературе» кітабы биылғы жылы "Бір ел – бір кітап" акциясының тізіміне енді. "Destination. Дорожная пастораль" повесі  Абай атындағы ҚазҰПУ филология курсын оқыту бағдарламасына енгізілген. «Пражаки» повесі орыс тілінен "Светозар" атты оқушылардың ашық халықаралық олимпиадасы бағдарламасына енгізілген.
Юрийдің айтуынша, ол әлі де өзінің әдеби стилін іздеуде. Әдеби жолда қандай жетістіктерге жетті? Қандай іс-тәжірибелерімен бөлісуге әзір? Бұл кездесуде біз осындай маңызды мағлұматтарды біле аламыз. 
Онлайн кездесумен https://www.facebook.com/jylischna/videos/4675518285796800; https://youtu.be/nKKRpGQdd44 сілтемелері арқылы таныса аласыздар.
 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26336017
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102