homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетЖаңалықтар«Армандар орындалады» кітап тұсаукесері
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Армандар орындалады» кітап тұсаукесері

24 қыркүйек күні кітапханада жерлесіміз, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, тренер-коуч Дүсіпбаева Қарлығаш Советқанқызымен «Армандар орындалады» тақырыбында кездесу ұйымдастырылып, автордың нон-фикшн жанрында жазылған «Қарлығаш қанат қаққанда», «Қарлығаштың сабақтары: Әдемі сөйлеймін» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

Дүсіпбаева Қарлығаш Советқанқызы – М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің профессоры, ф.ғ.к, Ph.D докторы, Аймақтық Менеджмент Академиясының қауымдастырылған профессоры. Білім беру саласындағы зерттеушілердің қазақстандық қауымдастығының мүшесі (KERA) «Researcher» (білім беру саласында зерттеуші). Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық қауымдастығының мүшесі (IATKL). Aхмет Байтұрсынұлы Білім Академиясының Академиялық кеңесінің мүшесі, Көпшілік алдында сөйлеу, жаңартылған бағдарлама, эссе бойынша республикалық деңгейдегі тренер, коуч. Q_ORATOR mektebiniń негізін қалаушы. Бүгінгі таңдағы қазақ тілін креативті оқытып жүрген еліміздегі үздік ұстаздардың бірі.
«Көпшілік алдында сөйлеу өнері» «Іскерлік этикет және сөйлеу өнері», «Тілді деңгейлеп оқыту», «Цифрлық технологияны қолдану арқылы тілді деңгейлеп оқыту», «Эссе жазудың тиімді тәсілдері», «Тілді M-Learning әдісі арқылы меңгерту», «Әлеуметттік желілер арқылы тілді меңгерту» «21 ғасыр студентінің құзыреттілігі», «Сөз өнері», «Ғылыми жоба жазу және қорғау техникасы» тақырыптарында тренинг, мастер-класстар өткізіп жүр.
Биыл жарыққа шыққан «Қарлығаш қанат қаққанда» – өзін дамытамын деген жандарға арналған мотивациялық кітап. Адамның өзгеруіне, жігерленуіне арналған ақпараттармен қоса, қарым-қатынас, отбасы бақыты, бала тәрбиесі, ата-анаға, әріптестерге деген құрмет, бақытты, табысты болу жолдары, аффирмациялар, тайм-менеджмент жайлы әркімге ой салар ақпараттар жинақталған. Ал кез-келген ортада өзіңізді сенімді сезініп, әдемі де нық сөйлеп, аудиторияны баулап алатын қасиеттер мен дағдыларды игергіңіз келсе «Қарлығаштың сабақтары: Әдемі сөйлеймін» кітабын парақтаңыз.

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26058534
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102