«АЛТАЙДЫҢ АҚТАҢГЕРІ АҚТАН АҚЫН» қалалық Ақтан Нұрбаев оқуларының қорытындысы
12 қараша күні, сағат 15.00-де А.С.Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында қалалық Ақтан Нұрбаев оқуларының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
«Алтайдың ақтаңгері Ақтан ақын» деп аталатын қалалық Ақтан Нұрбаев оқулары «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында елімізге танымал ақын АҚТАН НҰРБАЕВТЫҢ 95 жылдығына орай жарияланған болатын. Байқауға Өскемен қаласы бойынша қазақ орта мектептерінің 6-8 сынып оқушылары қатысты.
Байқау 10 қазан – 10 қараша аралығында өткізілді. Байқаудың мақсаты Ұлттық әдебиетке деген оқырман қызығушылығын қолдау және дамыту; А.Нұрбаевтың мәдени мұрасын келешек ұрпақтың санасында жаңғырту және тәуелсіз елдің дарындарын қалыптастыру, жас таланттарды анықтау. Ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау;
Өскелең ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау;
Қатысушылар А.Нұрбаевтың өлеңін 1-2 өлеңін жатқа оқып өзара сайысқа түсті. Байқауды қазылар алқасы бағалады. Байқауға қаламыздағы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің оқушылары қатысты.Барлық қатысушылар мен жетекшілері дипломдар мен алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26324522
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы