«Еңбек адамы»
Қазанның 29 күні кітапхана мамандары Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде 9,10 сынып оқушыларымен ZOOM платформасында «Еңбек адамы» тақырыбында өткен кездесуге қатысты.
Оқушылармен кездесуге кітапханның өлкетану секторының жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі», «Кітапхана ісінің ардагері» Слямова Зиза Мұқтарханқызы қатысып, кітапханашы мамандығының қызығы мен қиындығы туралы, кітап оқу, еліміздің, жеріміздің тарихы туралы оқырман сұранысына ие кітаптар туралы, кітапхананың өлкетану бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Нұргүл Құдайбергенқызы мен Мөлдір Сайлаубекқызы оқушыларды кітапхананың ресурстары мен қызметі, үйірме, клуб жұмыстары, алда жоспарланған іс-шаралар туралы ақпараттармен таныстырды. Оқушылар кездесуге белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.
Статистика
- Visitors : 6
- Articles : 2881
- Articles View Hits : 26048740
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
st. Kazakhstan, 102 Ust-Kamenogorsk East Kazakhstan Region |























































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
st. Kazakhstan, 102