homesemail1sm

Консультации юриста


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

«Великие личности Великой степи»


Read More...

Областной конкурс «В мире сказок и волшебства»


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...
012345
You are here: HomeНовостиII облыстық «Оқы және жеңіске жет» конкурсы
Error
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

II облыстық «Оқы және жеңіске жет» конкурсы

Биылғы жыл «Балалар әдебиеті жылы» деп жариялануына байланысты және «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» республикалық жобасын іске асыру шеңберінде А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен бірлесіп, 2021 жылдың 17 және 24 қыркүйегінде II облыстық «Оқы және жеңіске жет» конкурсын өткізді. https://www.shygysdaryn.kz/blogs/view/2/1767

Байқаудың негізгі мақсаты – оқу мәртебесін, оқу белсенділігін арттыру және оқу сапасын жақсарту, балалардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру.
Конкурсқа 200-ден астам жас оқырмандар – облыстың барлық аудандары мен қалаларының білім беру ұйымдарының 6-8 сынып оқушылары белсене қатысты.
Қатысушыларға жазғы демалыс күндері жоба аясында ҚР Білім және Ғылым министрлігі ұсынған кітаптар тізіміне еңгізілген шетел әдебиеті мен қазақстандық авторлардың кітаптары ұсынылды.
Конкурс екі турдан тұрды: онлайн-тестілеу және эссе жазу.
Конкурс қорытындысы бойынша 39 жүлдегер анықталды, оның ішінде 1 орынды - 8 оқушы, 2 орынды – 12 оқушы, 3 орынды – 19 оқушы жеңіп алды.
2021 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 15.00 - де байқау жүлдегерлері үшін Zoom платформасында қазақстандық балалар жазушысы Ұларбек Қабдоллаұлы, Камшат Әбілғазықызымен ұйымдастырылып, балалар кітап авторларына шығармалары бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Кітапхана директоры Бибігүл Жамбылқызы Шағиева мен Білім басқармасы қызметкерлері жеңімпаздарды құттықтап, ақ тілектерін айтып, осы сайысты ары қарай да жалғастыруды ұсынды.
Біз де конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтай отырып оларға табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
Жеңімпаздардың тізімін төмендегі сілтемеден көре аласыздар.
https://drive.google.com/.../1DLnWzFymnZ9Yqx1pTrz2Cey0alM...
Алдағы уақытта жеңімпаз оқушылардың жазған эсселерін ұсынатын боламыз.

konvertor

Статистика

  • Visitors : 6
  • Articles : 2881
  • Articles View Hits : 26054372
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h st. Kazakhstan, 102
 Ust-Kamenogorsk
         East Kazakhstan Region