Ақпан 2021
Елжас Ертайұлы Бала тәрбиесіне қатысты үлкендердің өзін тәрбиелеуінің маңыздылығы кеңінен түсінідірілген. Дұрыс көзқарас қалыптастырып, бала тәрбиесіндегі әке-шеше, ата-әже, ұстаз және қоғамның әсерін тереңірек түсінуге көмектеседі. |
Мұхит Сапарбаев
Баршаға бақыт пен бақуатты өмір тілейтін халықаралық деңгейдегі коуч-маман, жеке даму бойынша тренер, журналистің Мұхит Сапарбаевтың оқырмандарына бақытқа апаратын жолды сілтеу кітабы. Бірінші кітабы "Бақыт" болса, "Ақша" соның жалғасы. |
Шыңғыс Мұқан
Жинаққа өзіндік даму тақырыбын зерттеген айтулы ғалымдардың таңдамалы он кітабы еніп отыр. Уақыт сынынан өтіп, адамзат ойының алтын қазынасына айналған таңдаулы туындылар.
|
Джон Кехо
Кітап авторы кеңістіктің күштерін басқару мен өз мақсаттарыңды жүзеге асыру жолында белсенді жұмыс атқару үшін не қажет екенін таныстырады. |
Айтқожин Қ. Б.
Шежірелі Тарбағатай өңірінің тарихи тамыры тереңде жатыр. Қасиетті Барқытбел баурайын ескі замандардан бері адамзат баласы мекендеп келеді. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қаңтар 2021
Мұхит Сапарбаев BAQYT Бақыт деген не? Оқырманға психологиялық, мотивациялық тұрғыда дұрыс бағыт-бағдар бере отырып, әрбір жанның рухани кемелденуіне септігін тигізеді. |
Дана Орманбаева
Жаңа замандағы ұрпақ тәрбиесінің өзекті мәселелеріне көңіл аударылған. Педагогикалық ілімнің жаңа бағыттары ашық сабақ секілді әсер береді. |
Мирас Кесебаев
Кітапты жылдам оқу тәсілдері. Есте сақтаудың түрлі әдістерін көрсетеді. Кітап оқудың тәжірибесі жазылған.
|
Мұхитдин Исаұлы
Автор Абайдың "кемел адам" идеясы мен батыс ғалымдарының тұлға төңірегіндегі зерттеулерін саралай келіп, ұлттық танымдағы тұлғалыққа жетудің негізгі қағидаларын ұсынады. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Желтоқсан 2020
Естеліктегі Алаш
Кітапта Алашорда қайраткерлерінің түрлі жанрдағы естеліктерден үзінділер берілген. |
Жолдасбеков М.
Бұл кітап жыр алыбы Жамбылдың шығармашылығы мен халқымыздың ұшан-теңіз байлығы - поэзиямыздың кешегі, бүгіні жүріп өткен жолына жан-жақты талдау жасалған. |
Баяхмет Жұмабайұлы
Бұл кітап қазақ халқы тұрмыстан ойып алған ойын түрлерін қалыптастырады.
|
Чарльз Монтгомери
Бұл кітап "қала көшелерін, мобильдік орталықтары мен жүйелерін азаматтардың денсаулығын немесе бақытын қалыптастыратын немесе бұзатын эмоционалдық инфрақұрылым ретінде қарастыруға" арналады. |
Жақау Дәуренбеков
Бұл жинаққа қаламгердің әр тақырыпта жазған дүниелері, көңілге түрткі болған түрлі сипаттағы ой-толғамдары жазылған. |
Ұлы даланың ұлағатты тұлғалары.
Күллі адамзат өркениетінде орны бөлек қос алып шың - Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларына арналған. Асыл мұраларды ХХІ ғасыр көзқарасымен зерделеп, аталған қазынаны адамзаттың рухани құныдылықтары қатарына көтеру - уақыт талабы. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қазан -Қараша 2020
Әлібек Асқаров
Әлібек Асқаровтың жаңа жинағына ел мен жер туралы эсселері жарық көрген. Көпшілікке белгісіз құпия сырларын ашуға арналған "Көккөл", "Аспантау", "Шанағаты", "Шабанбай". "Қазығұрт", "Мұзтау" сияқты шығармалары топтастырылған.
|
Әлия Бөпежанова
Әдеби көркем сын кітабында автор көркем әдебиетіміздің көрнекті тұлғалары мен талантты жас буынының шығармашылықтары қарастырылған. |
Оңдасын Елубай
Қаламгер Оңдасын Елубайдың бұл кітабында әлемдік дүбірлі додаларда Алаштың көкбайрағын желбіреткен майталман спорт жұлдыздарының жеңісті сәттері енген
|
Бейбіт Қойшыбаев
Бұл тарихи туындыда күрескерлік жолда ел мүддесін көздеген ХХ ғасырдың басындағы көрнекті қоғам қайраткері Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев туралы. Рисәлә үш бөлімнен тұрады. |
Өрт жылдардың отты жандары
Кітапта Ұлы отан соғысы кезінде Қазақстаннан соғысқа шақырылған әйелдердің ерліктері тізімдеп көрсетілген. |
Сауле Мәлікова
Бұл кітап тарихта "Тың эпопеясы" деген атпен қалған ұлы науқанның сардарларын талдайды, нақты деректер негізінде оның зардаптарын жүйелеп көрсетеді. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қыркүйек 2020
Қайымова Б.
Жинақтағы ертегілер - Қазақстан жерін мекен еткен халықтардың ежелгі ауыз әдебиеті жаһұттарының озық үлгілерін ұсынған.
|
Ғалымжан Мелдешов Журналист жолға шықты
Өмірінің едәуір бөлігін журналистика саласына арнаған автор өзінің тәжірибесін ортаға салды. |
Айнұр Найманбай
Дарынды жазушы Ғ. Мұстафин шығармаларының тілдік құрылымы мен қаламгердің қазақ әдеби тілін дамытудағы орны, шеберлік қырлары туралы ғылыми зерттеулер берілген.
|
Дандай Ысқақұлы
Кітапта Мағжанның ақындық тағдыры кеңестік кезеңнің шынайы шындығымен тығыз байланыста жан-жақты құрастырылады. |
Маман Байсеркеұлы
Кітапта Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері, профессор Маман Байсеркеұлының спектакльдері туралы мақалалар, шығармашылық кескіндемелер, сұхбаттар және театр туралы толғамдары мен пьесалары енген. |
Ерлан Төлеутай
Ұлы композитор Үкілі Ыбырайдың өмір жолы, барлық әндерінің шығу тарихы зерттелген. Өнертану ғылымы тұрғысынан тың пайымдар, тұжырымдар, мұрасының бізге жеткен нота жазбалары жүйеленген. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Шілде 2020
Әбіш Кекілбаев
Қазақстанның Еңбек Ері, заңғар жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының қаламынан туған шығармалары адамзат қауымының асыл қазынасына айналып, жаһандық өркениет қорына қалтырған баға жетпес мол мұрасы.
|
Мырзатай Жолдасбеков
Ұлы дала әдебиетінің көне дәуірдегі даму кезеңдері, кемелденген жауһар мұрасы жаһанға танылып, жаңа заманға ұласқан сөз өнеріміздің дәстүр сабақтастығы туралы іргелі еңбектері енгізілген. |
Тілекқабыл Боранғалиұлы Жәңгір хан
Жәңгір Бөкеевтің қазақ қоғамындағы алар орны ерекше. 22 жыл тақ иеленген кезіндегі қайраткерлігі мен өнегелі істері тұлғаны соны қырынан таныту мақсат етілген.
|
Айтмұхамбет Қасымов
Жарты ғасыр қолына қалам ұстап "Дидар" газетінде журналистік қызмет атқарған Қасымов Айтмұханбеттің ғұмырнамалық кітабы. Соңғы жылдары жазылған деректі дүниелер,саяхат сапарлары, журналистік зерттеулер, естеліктер ұсынылып отыр. |
Қазақ өнерінің антологиясы
Шешендік сөздерге арналған бұл томда ескі заманнан бергі ел есінде қалған шешендік қабілеттің ғұмырлы болуы. Сөз зергерлері Сырым Датұлының, Байдалы Бекшеұлының, Шоң Едігұлының және басқадай тарихи тұлғалардың шешендік мұралары енген. |
Қорқыт ата кітабы
Түркі халықтарының ортақ әдеби жәдігері - "Қорқыт Ата кітабының" Дрезден қолжазбасының транскрипциясы, қазақша жаңашаланған мәтіні, сөздігі Қазақстанда тұңғыш рет жарияланып отыр. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26043399
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы