Маусым 2020
Т. Хакимова
Жаңа технологияны пайдалан отырып, қазіргі кездегі ЭЕМ-де жоғарғы деңгейде тәжірибе алып, жұмыс істеу қабілетін арттыру мүмкіндігі туады. Мәліметтерді өңдеудің түйінді мәселелері қарастырылған. Қашықтықта оқытудың қазіргі заманадағы ерекше рөлі мәселелерді шешуге көмектеседі.
|
Көшбасшы
Көшбасшылық тақырыбын зерттеген айтулы ғалымдардың таңдамалы он кітабы енген. Адамзат ойының алтын қазынасына айналған таңдаулы туындылар ұсынылып отыр. |
Роза Набуова
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру жүйесін қалыптастыру, олардың тәрбие процесін ұйымдастыруда білім жүйесі және өздігімен білім алуын, кәсіби жеке тұлғаның қалыптасуына бағыттар анықтайды. |
А. Т. Ақажанова
Психология тарихының мән-маңызы, даму тарихы, заңдылықтары, шетел және отандық ұлы ойшыл ғалымдардың философиялық, психологиялық еңбектері, ғылымға қосқан үлестері, тұжырымдамалары сипатталған. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Сәуір - Мамыр 2020
Қадыржан Әбуев
Ақмола облысының Абылай хан заманынан бергі халқымыздың тарихындағы ел басқарған кемеңгер хандарымыз, еліне қорған болған батырларымыз, дана билеріміз, ойшыл ғұламалар, ақын-жыраулар, сал-серілірдің өмірбаяны, саяси портреттері, атқарған қызметтері сөз болады.
|
Джон Уорделл
Бұл кітап Алаш жұртының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын еуропалық көзқараспен қызықты етіп хатқа түсірген. |
Әлихан Бөкейхан
Бұл томға Ә.Н. Бөкейханның 1889-1903 жылдар аралығындағы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген мақалаларын, ғылыми зерттеулерін, «Щербина экспедициясының» материалдарын, аудармаларын, хаттарын және хаттамаларын қамтиды.
|
Әлихан Бөкейхан
Бұл томда 1903 жылы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары, азанамасы(некролог), ғылыми зерттеулері, "Щербина экспедициясының" материалдары және Ә.Н. Бөкейхан іздеп жариялаған мұрағат(архив) құжаттары қамтылады. |
Қайрат Сәки
Бұл зерттеу - садақ, найза, қылыш, айбалта және шоқпар секілді жеке қару түрлерін бабаларымыздың қалай қолданғаны мәмлүк әскери трактаттары мен қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінде сақталған материалдарды салыстыра отырып көрсетеді. |
Асқарбек Бектемісов
Публицистикалық туындының бірінші бөлімінде бірнеше мақалалар, екінші бөлімде жеке тұлғалар туралы айтылған. Еліміздегі өзекжарды мәселелердің бірі «Ауылдың мұңы – ауыз су» ақаласында Торғай өңіріндегі әлеуметтік проблемаларды қозғаған. Ел өмірінің бүгінгі ахуалына бей-жәй қарамайтын сергек ойлы оқырманға жол тартады. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қаңтар 2020
Кеңес Серғазыұлы Байтоғасов
Өмірдің сан белесінен өтіп, еңбекпен есейіп еліне, халқына өнердің ауыр жолын паш еткен өнер иесінің кітабы. Аудан мәдениетінің жаршысы Кеңес Байтоғасовтың ғұмырнамалық естеліктері мен ой-толғаныстары баяндалған. |
Мария Тереза Гватолид
Ежелгі өркениет тарихы мен қазыналар топтамасы ежелгі және антикалық өркениетті қамтыған. Рим өркениеті өзінің Еуропа мәдени мұрасындағы сақталған құндылықтары әлі күнге дейін ерекше қызығушылық тудыруда. |
Омар Жәлелұлы
Кітап Абайдың "Адам бол - мал тап" қағидасына негізделген. Адамды еңбек етуге, адами болмыс-бітімін, ар-абыройын сақтап қалудың жолдарын нұсқайтын ғылыми мақалалар мен зерттеулер енген. |
Молдағали Жолдыбайұлы
Жинақта ХХ ғасырдың басында ұлттық білім-ғылымды қалыптастыруға, дамуға үлес қосқан қайраткер, әдебиетші, аудармашы педагог, журналист М. Жолдыбайұлының оқу құралдары, әліппелері, мақалалары мен архив материалдары қамтылған. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Желтоқсан 2019
Киелі Алтай
Шығыс Қазақстанның байлығы: табиғат сұлулығы, көрікті жерлері, сирек және түсті металдар, халқы туралы фотоальбом. |
Маратбек Қамзаұлы Ақанов
Аталмыш еңбекте ру-тайпа тауларының шығу тегі туралы ауыз әдебиеттердегі мәліметтермен ұштастыру арқылы ғылыми талдау жасаған. |
Латын әліпбиі:
Ғылыми жинаққа қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге байланысты жұмыстардың барысы туралы еңбектер енгізілген. Еңбекте әліпбидің емле ережелері, насихат шаралары берілген. |
Тарбағатай ауданы жер-су атауларының сөздігі
Қазақ халқының ғасырларбойы жүріп өткен жолының небір құндылықтарын бойына сіңірген тілдік жәдігер. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қараша 2019
Ілияс Ахметұлы
Автор ХХ ғасырдағы қоғам қайраткері, журналист, оқытушы, шығыстанушы Ілияс Ахметұлы қазақ тарихына, "қазақ" сөзіне қатысты материалдарды өз бетінше жинақтап, зерттеу жүргізген. Еңбек 1934 жылы жазылып, қолжазба күйінде сақталған. Еңбек алғаш рет латын әліпбиінен кирил әліпбиіне аударылып беріліп отыр. |
Мұқағали тілі сөздігі
Синтездік (түсіндірме мен жиілік) сөздікте тұрақты тіркес түгел қамтылған. Тірлік бірліктердің әрқайсысына анықтамалар беріліп, мысалдар келтірілген. Мұқағалидың қазақ әдеби тіліне қосқан үлесі мен орны айқындалған. |
Мұқан Төлебаев
Мұқан Төлебаевтың отыз төрт шығармасы халық аспаптар ансамблінің қолдануына, арнаулы оқу орындарының музыкалық мамандарына, дирижерларына, жалпы әнсүйер қауымының репертуарларына пайдалануға ұсынылып отыр. |
Фольклорлық мұралар: жиналу, жариялану тарихы
М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтындағы қолжазбаларда, сирек басылымдарда жинақталған ертегілердің, аңыздардың, хикаяттардың, жұмбақтардың, жырлар циклының жиналу және жариялану тарихы қарастырылған. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қазан 2019
Нұржан Қуантайұлы
Белгілі қаламгер, ғалым Нұржан Қуантайұлы бұл еңбегінде Ж. Аймауытұлының көсемсөз шығармашылығын жан- жақты, толық зерттейді. |
Нәзира Рахманқызы
Кітап жалпы ұлттық кино өнерінің кешегісі мен бүгінгісінен сыр шертеді. |
Дәнеш Ахметұлы
Бұл жинаққа автордың заманауи ертегілері енгізілген. Қазіргі сандық технологияның даму заманында жас сәбилердің ой-өрісін дамытып, олардың даму психологиясына әсер ету оңай емес. Аталмыш кітапша әсем көрнектелген. |
Бейбіт Қойшыбаев
Қазақ халқының қалыптасуы, этностық атауымен мемлекеттігін құру, жалпы алаштық идеяның өміршеңдігінмен таныстырады. Кітап Алаш-Орданың ғасырлық мерей тойына арналған. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26048410
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы