Желтоқсан 2017
Бақыт ТасполатовБасында Қазығұрттың кеме қалған
Қазығұрт баурайындағы ежелгі жер-су атаулары, сан ғасыр кие тұтқан әулиелер, тарихи тұлғалар жайлы нақты мәліметтер мен деректер баяндалған. |
Бақытжан Ахметбек
Сыр өңірінің қасиетті киелі орындары, топ бастаған от ауызды, орақ тілді би-шешен, қол бастаған батырлар, ақын-жыраулар, әулие-әнбиелер, тарихи ескерткіштер мен кесенелер жайлы ғылыми-зерттеу мақалалар топтастырылған. |
Бердібек Бияров
Кітапқа кең байтақ қазақ өлкесінің Өр Алтайдың қасиетті өңірлерінің аңыз бен жырға, тылсым сырларға толы киелі орындар жайлы танымдық мақалалар енген. |
Зейнолла әлемі : мақалалар, естеліктер, көптомдыққа енбей қалған жазбалар, сұхбаттар, афоризмдер.
Кітапқа қазақтың белгілі қаламгері, жазушы, тарихшы, этнограф, фольклоршы Зейнолла Сәніктің шығармашылығы, зерттеу мақалалары, ол түрлі замандастары мен әріптестерінің естеліктері, сұхбаттар мен афоризмдері, публицистикалық жазбалары енген. |
Е. Тілешов
Әлем халықтарының мақал-мәтелдері, әр дәуірде өмір сүрген ойшылдардың, қаламгерлердің, ғалымдардың қанатты сөздері енген. Адам мен қоғамдағы тілдің орны, тіл табиғаты, түсіну мен мәні туралы айтылған. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қараша 2017
Қазақ афоризмдері Шаймерденұлы Е.
Тарихи-философиялық зердеміздің көкжиегі мен ұлттық рухани болмысымыздың мүмкіндігі тереңде жатыр. Сөз өнерінің өзгеше өрнегі, терең мазмұндығы кең көрініс тапқан. Жетпіс сегіз ой иесінің афористік толғамдары тақырыпқа бөлініп, топтастырылып берілген. |
Шерубай Құрманбайұлы Көркем аудармадағы жаңа атаулар: жасалуы мен қолданысы
Жаңа атаулардың әдеби тілге енуіне, сөз жасау, балама табу, сөз қолдану тәжірибесі талданған. Сонымен қатар аударма кезіндегі лексикалық варианттардың нұсқалары берілген. |
Шайдаров М.
Латын, орыс және қазақ тілдеріндегі анықтамалық сөздікте латын тілінің алфавиті, фонетикасы, дыбыстардың айтылуы, кейбір дифтонгілердің оқылуы, латын тілінің грамматикалық құрылымы берілген. Сөздікке латын тіліндегі он мыңға жуық сөз бен сөз тіркестері енген. |
Жүнісбек Әлімхан
Латын әліпбиіне көшу жолында жүргізілген ғылыми-практикалық, оқу-әдістемелік ұсыныс мақалалар мен баяндамалар енгізілген. Қазақ тілі дыбыстары ортақ түркі әліпбиі негізінде дыбыс жазбаға түсіріліп, өрнек мәтінмен көрнекіленген. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қазан 2017
Тұрғынбекұлы С.Кейкі батыр
Ел Тәуелсіздігі үшін күрескен, мергендігі мен ерлігі аңызға айналған хас батыр Кейкі Көкембайұлының өмір тарихы мен тағдыры баяндалған. |
Қазақтың қайсар қайраткері - Жұмабек Тәшенев
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері туралы естеліктер, мақалалар, құжаттар, дастандар мен өлеңдер топтастырылған. Кітап екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде. |
Халиди Құрбанғали.
Монографиялық еңбекте қазіргі қазақ әдебиетіндегі ұлттық идеяның жазылуы мен әдебиеттану ғылымындағы зерттелу жайы қарастырылады. |
Сегеда Т. А.
Қазақстандағы AES компаниялар тобы арасында Шығыс Қазақстан облысының тұрақты дамуы үшін еңбек қауіпсіздігі және экономикалық тиімділікке оқыту бойынша дайындалған. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қыркүйке 2017
Қаз дауысты Қазыбек биТом 1 Кітапқа "Жеті жарғы" құқықтық заң жобасын жасаушылардың бірі - атақты Би, мемлекет қайраткері, дипломат - Қаз дауысты Қазыбек бидің өмірі, қызметі туралы жазба деректер, мағлұматтар, хаттарға негізделген ғылыми-зерттеу мақалалар енген. |
Қаз дауысты Қазыбек би
Том 2
Кітапқа "Жеті жарғы" құқықтық заң жобасын жасаушылардың бірі - атақты Би, мемлекет қайраткері, дипломат - Қаз дауысты Қазыбек бидің өмірі, қызметі туралы жазба деректер, мағлұматтар, хаттарға негізделген ғылыми-зерттеу мақалалар енген. |
|
Белгілі фольклортанушы Д. Қоспақовтың жинағына Дала жұлдыздарының (Ақан сері, Біржан сал, С. Жүнісұлы, М. Шитенұлы т.б.) әндері нота жазбаларымен қоса келтірілген, ән мәтіндеріне текстологиялық жұмыстар жүргізілген.
|
Жинаққа ғалымдар Т. Шонанұлы мен М. Жолдыбайұлының құрастыруымен жарық көрген қазақ балаларына арналған туындылары ұсынылған. |
|
Композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Серік Еркімбеков құрастырған жинаққа белгілі қазақ композиторларының жазған романстары мен әндері енген. |
|
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Шілде - Тамыз 2017
Мұхамедхан Сейтқұлов,Қайым Мұхамедханов Әке мен бала Тәуелсіздігіміздің ғылыми-мәдени құндылықтары мен рухани негізін қалаушылар Отан патриоттары – әке мен баланың сергелдең тағдырлары туралы. |
Мырзатай Жолдасбеков
Күндерімнің куәсі
Күнделік жазба ел тарихы, ел тағдыры, тәуелсіздік тағылымы, жер, тіл және тағы басқадай проблемалар туралы. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Маусым 2017
Су Шуйаң Тибет туралы білімдер Тибет тарихындағы ізденістер, толғаныстар мен зерттеулер туралы жазылған кітап. |
Елешев Р. Е. Агрохимия және тыңайтқыш қолдану
Өсімдіктерге тыңайтқыш қолданудағы топырақтың агрохимиялық қасиеттері, құрамы, әрекеттесуі, қолдану ерекшеліктері мен тиімділігін арттырудағы жолдары берілген. |
|
Ұлы Даланың әр кезеңдегі ұлы тұлғалардың қазақ тарихындағы орны мен рөлін көрсеткен. |
Алаштанушы ғалымның елдік пен мемлекетшілдік тарихымыздың айрықша кезеңі - Алашқа арналған зерттеулер мен мақалалар енген. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26045276
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |














Бақыт Тасполатов
Қазақ афоризмдері Шаймерденұлы Е.
Тұрғынбекұлы С.
Қаз дауысты Қазыбек би
Зейнұр Қоспақов
Балаларға тарту
Серік Еркімбеков
Мұхамедхан Сейтқұлов,
Су Шуйаң
Озғанбай, Өмірзақ.
Қамзабекұлы, Дихан.




































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы