Наурыз 2016
Қазақстандағы оралмандар. Азаматтық алу. Оралмандардың экономикалық және әлеуметтік ықпалдасуын алға жылжыту. Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының қолдауымен «Қазақстандағы оралмандар» жоба шеңберіндегі түрлі сериялы кітапшалар. Оралмандардың құқықтарын айқындайтын мемлекеттік құзырлы орындардың міндеттерін сұрақ-жауап арқылы білуге болады.
|
Семей қасіреті деректітарихи хикаят
Шерлі оқиғаның тірі куәгері, кітап авторы белгілі жазушы Медеу Сәрсеке. «Семей қасіретінде» ащы ақиқатқа кешегі ХХ ғасырда адамзат қауымына ел билеушілер жасаған қастандық жайында деректі тарихи хикаят.
|
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер учаскелері, су объектілері және олардың ауа кеңістігі болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтың бірі - Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи парк туралы толық мағлұмат алуға болады.
|
|
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Ақпан 2016
Қазақ хандары энциклопедиялық анықтамалық жинақ. Анықтамалық жинақта қазақ хандығында билік еткен хандардың жазба және дәстүрлі деректерге негізделген өмірбаяны мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты мәліметтер жинақталған.
|
Қазақ хандығыэнциклопедиялық анықтамалық жинақ.
Қазақ хандығы тарихын археология, тарих, тіл, әдебиет, құқық сынды сан-сала руханият аспектісінде қарастыратын кітап азаматтық тарихымызды жаңаша пайымдауға бастайды. |
Шығыс Қазақстан өнер мұражайы
Шығыс Қазақстан өнер мұражайының 25 жылдығына арналған. |
Алдаш А.Сөз мәдениеті: жаңа қолданыстар негізінде
Қазақ әдеби тілінің лексикасындағы өзгерістер мен жаңалықтар, қазақ терминологиясын бірізділендірудің және аударма жасаудағы сөз мәдениетінің аспектілері қаралады.
|
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қаңтар 2016
Әмірова Д. Т.
Технокәсіпкерлердің болашақ қызметке дайындығын бағалау құралы ретінде холистикалық индикатор ұсынылған. |
Дьяченко О.Г.
Стартап – компаниядағы зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудағы негізгі күрделі мәселелері мен оларды шешу жолдары сипатталған.
|
Шайдаров М. Анықтамалық сөздік
Латын тіліндегі 1500-дей афоризмдердің, қанатты сөздердің, мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі және қазақ тіліндегі аудармалары берілген. |
Ахметжанова, Фарзана.
Ғұлама ғалым, белгілі түркітанушы, қоғам қайраткері - Сәрсен Аманжоловтың халқына қалдырған ғылыми мұрасы бірнеше бағытта қаралған. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Желтоқсан 2015
Қазақ көтерілістері. Энциклопедия Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістері мен қозғалысының тарихы және олардың көсемдері мен қаһарман тұлғалары туралы мол мағлұмат топтастырылған.
|
Төлеубаев Ә. Т. Қазақ халқы этнографиясының мәселелері
Автордың бұл еңбегінде өткен ғасырдың |
Сөз тіркесі - шешендік
Шешендік сөздер ауыз әдебиетінде көркем образ ретінде көркем сөз, тамаша тілдің өркенімен қаланған зәулім шыңы ретінде қалыптасып, өркендеп дамыды, ол тарихта маңызды орынға ие болды.
|
Мемлекеттік қызметкерлерге арналған қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік
Мемлекеттік органдардың басқару-реттеу, ұйымдастыру-рәсімдеу қызметінде пайдаланылатын құжаттардың анықтамалары ұсынылған. Күнделікті қызметте пайдалануға бағытталған арнайы сөздер мен сөз тіркестері қазақ және орыс тілдерінде берілген.
|
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қараша 2015
Жүз жиырма тұңғыш
Тұңғыш қазақ өкілдері туралы деректі мағлұматтар мен мақалалар жинақталған. Екінші томында қазақ халқының өміріне, тарихы мен мәдениетіне, ғылымы мен экономикасына қатысты әр саланы игеруге, ашуға, дамытуға тұңғыш із салған қазақ зиялылары туралы жинақ.
|
Көлбаев Тілеу - Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін! Ұлы Жеңіске лайықты үлес қосқан қазақстандықтардың патриоттық істері жайлы. Аға ұрпақтың ерлігі жастарға өшпес үлгі-өнеге болып қала береді. Қаһармандар ісін насихаттау, жас буынды париоттыққа, отансүйгіштікке баулу – қасиетті парыз. Мұрағат құжаттарымен бірге жарияланған деректердің, соғыс пен тылдағылардың естеліктері негізінде жазылған.
|
Аупбаев Ж. Рухы күштілер
Кітапқа енген мақалалар мен сұхбаттарда екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ жауынгерлері мен офицерлерінің жанқиярлық істері мен жеңілмес рухы өзек болған.
|
Уайдин Ү. Әдеп әлемі және журналистика Журналистің мәдениеті, сұхбат жүргізіу, хат-жазбалармен жұмыс мәдениеті – бәрі-бәрі әдеп, әсемдік әлемінің аясы. |
Апатқа апарар үш індет : темекі, арақ, есірткі.
Еңбекте бүгінгі күні қоғамдық кеселге айналып отырған темекі, арақ, есірткі тигізген зардаптары мен адам өміріне қаншалықты қауіптілігі сөз етіледі. Мақсат – ендігі жерде жас ұрпақтың улануына жол бермеу.
|
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қазан 2015
Наурызнама
Кітапта халқымыздың ұлттық мерекесі Наурыздың шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық құндылықтар, Наурызға байланысты діни- танымдық қағидалар, түрлі қызықты материалдар еніп отыр.
|
Білімдіден шыққан сөз Академик Зәки Ахметовтің ой-толғамдары.
|
Мұхтар Әуезовтің шығармашылық әлемі
Кітапта Абай мен Мұхтар Әуезов шығармашылығындағы сабақтастық мәселесі жан-жақты сараланады. "Абай жолы" эпопеясының поэтикасына және "шығармашылық тұлға" концепциясына талдаулар беріледі.
|
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26048410
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |














Шайдаров М.





































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы