Кітапханада «Mendeleev Lab» акциясы өтті
12 қазан күні қаламызда А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Білім орталығында тұңғыш рет «Mendeleev Lab» («Химиялық зертхана») ғаламдық білім беру әрі ағартушылық бағыттағы акциясы өтті. Іс-шара БҰҰ мен ЮНЕСКО жариялаған Халықаралық химиялық элементтердің периодтық кестесі жылы шеңберінде 30-дан астам елде өтті. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 12 қазан – Михаил Ломоносов Петербург Ғылым академиясы жанында негізін қалаған алғашқы химиялық зертхананың туған күні саналады.
Толығырақ...Кітапхана қысқы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуге шақырады
Құрметті балалар! Жаңа жылдық демалыста қандай жоспарыңыз бар? Ендеше, демалысыңызды қазір жоспарлаңыз. Өз жоспарыңызға А.С. Пушкин атындағы кітапханаға келуді қосуды ұмытпаңыз. Біздің кітапханада сіз кітап оқып, кино көріп, қолөнермен айналысып, ойын бағдарламасына да қатыса аласыз.
Толығырақ...Еліміздің мақтанышы
Олимпиада чемпионымен кездесуге облыстық спорт мектеп-интернатының оқушылары, 5518 әскери бөлімінің сарбаздары және қаламыздағы белсенді жастар келді.
Толығырақ...Астана мені баурап алды...
2018 жылы 4 шілдеде сағ. 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Оқу залында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана мені баурап алды!» атты онлайн кездесу өтеді. Бұл кездесуге Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы, Ұлттық Ат спорты Федерациясының Президенті, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткер, жазушы, зерттеуші Сәдібек Түгел онлайн қатысады. Маңызды кездесуге Сәдібек Түгелді таңдауымыздың себебі қоғам қайраткерінің барлық өмірі Астанамен байланысты.
Толығырақ...3D-модельдеуді оқып-үйрену тоыына шақырамыз
22-25 тамыз аралығында жастар, студенттер, жоғарғы сынып оқушылары күнделікті сағат 14.00 ден бастап 3D-модельдеу, жаңа құралдарды игеруді оқып-үйреніп, техникалық шығармашылық қабілетін шыңдай алады.
Толығырақ...Рухани жаңғыру. Борис Щербаков: «Менің әлемім – Қазақстан»
11 қазан күні, сағат 16.00-де шығысқазақстандық қоғамдастық тамаша жерлесіміз, белгілі орнитолог, зерттеуші ғалым, белгілі қаламгер, өлкетанушы – Борис Щербаковты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Мерейтой иесін құттықтауға Достық үйі- қоғамдық келісім орталығына ШҚО мәслихатының хатшысы Владимир Головатюк, Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ирина Смит, Достар үйінің директоры Эльдар Төлеубеков, Қазақстан-Американдық еркін университетінің проректоры Марина Кикина, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің жетекшісі Наталья Матвеева, ақын, журналист, ШҚ облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Пуссеп Г.Н., т.б. әріптестері, достары, ақын-жазушылар, журналистер келді.
Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26355410
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы