homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетҚЫЗМЕТТЕРҚұжатты электронды жеткізу қызметіКітапханаНашар көретін адамдарға арналған қолайлы орта

Нашар көретін адамдарға арналған қолайлы орта

Кез-келген заманауи браузерде масштабтау көмегімен әріп мөлшерін ұлғайтуға болады:

1) "Ctrl" клавишін басып, тінтуір дөңгелегін жоғары бұраймыз;

2) "Ctrl" клавишін басып тұрып, "+" клавишін басамыз.

Экрандағы нысандарды ұлғайту (экран лупасы)

Экран лупасы экранның түрлі бөліктерін ұлғайтады. Оны жылдам ашу үшін ·"Пуск" түймесін басып, "Экранная лупа" түйін сөзін тереміз.

Жаңалықтар мен оқиғалар

2013 жылдың 13 желтоқсанынан бастап кітапханада "Кедергісіз кітапхана" жобасы жұмыс істейді. Жоба мүгедектер мен қарттардың әртүрлі топтары үшін әлеуметтік-мәдени ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуді, мүгедектерді әлеуметтендіру және білім беру тетіктерін жетілдіруді, бос уақытын ұйымдастыруды, мүгедектер мен қарттарға қоғамның оң-мүдделі қатынасын қалыптастыруды көздейді.

«Кедергісіз кітапхана» жобасын іске асыру мақсатында кітапхана мамандарынан құрылған арнайы топ қараша айында алдын-ала бас қосты. Топ құрамында кітапханашылар, библиографтар, қоғаммен байланыс бөлімінің, Халықаралық ресурстар орталығының, Ақпараттық-коммуникативтік бөлімнің, бір сөзбен айтқанда кітапхананың барлық бөлімдерінің мамандары бар. Мамандар қоғамдағы көздері нашар көретін жандармен жүргізілетін жұмыстарды талқылап, олардың орындалу мерзімін, сондай-ақ 5 w + h: what, who, when, where, why and how? (не, кім, қашан, қайда, неге және қалай?) кестесі бойынша іске асыру жоспарын жасады. Біз заманауи бейне үлкейткіштер мен оқитын машиналар туралы ақпараттармен, сондай-ақ, бірқатар нашар көретін адамдарға арналған бейімделген бағдарламалармен танысты. 

Who-What-When-Where-How-and-Why-pic 11 желтоқсан күні қазақ соқырлар қоғамының Шығыс Қазақстандағы бөлімінің кеңсесінде сауалнама жүргізілді. Мақсаты – көру қабілеті нашар адамдардың қажеттіліктерін анықтау. Сауалнамаға енгізілген сұрақтар: Кітапханадағы қандай курстар/тренингтерге қатысқыңыз келеді? Кітапханадағы қандай үйірме/клубтар Сізге ұнайды? Қала ішіндегі қозғалыста Сізге қиындықтар туындай ма? және т.б.

Нәтижесінде:

- Көру қабілеті нашар адамдарға арналған курстар мен тренингтер тақырыбы анықталды;

- Осы санаттағы пайдаланушыларымызға көрсетілетін қызмет  түрлерін кеңейтуге ой салды;

- Кітапханаға келуден олардың не күтетіні анықталды. 

Anketirovanie_11.12.2014_2 Tvorim2

Anketirovanie_11.12.2014_4

13 желтоқсанда Қызмет көрсету колледжінің нашар еститін және мылқау-керең студенттері арасында «Кедергісіз кітапхана» жобасының тұсаукесері өтті. Болашақ операторлар тобы жетекшілері және сурдологтарымен бірге келді.

Тұсаукесер басында студенттер кітапханаға саяхат жасады. Кітапхана ресурстары, қызметтерімен танысты. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қызметтер жайлы айтылды, олар: пандус, шақыру түймесі, көтерілу жеделсатысы, арнайы тазалық кабинасы, нашар еститіндерге арналған ҒМ-жүйесі, бейнеүлкейткіш пен дауыстап оқитын машина. 

Наурыз айында кітапхананың арнайы қызмет көрсету залына SARA CE (камералы нұсқасы) оқу машинасы сатып алынды. Бұл құрылғы кітап және баспа материалдарын сканерлеуге арналған, сонымен қатар орыс, ағылшын және т.б. тілдедерде дыбыстау қызметі де қатар жүреді. Оқу машинасымен жұмыс істеу өте қарапайым, біраз жаттығудан кейін кітапханашылар мен Зал пайдаланушылары оны жылдам меңгеріп алды. Жаңа құрылғыны зағип адамдар мен көзі нашар көретіндер пайдалануда, өйткені SARA CE мәтінді дауыстап оқып қана қоймай, әріптің мөлшерін көзі нашар көретін адамға ыңғайлы мөлшерге дейін үлкейтеді.

Consult

Арнайы қызмет көрсету залының алғашқы пайдаланушыларының бірі зағип Андрей Кузнецов болды. Психолог мамандығын игерген Андрей кітапханаға күнделікті келіп, психологияға байланысты аудиокітаптарды пайдаланатын.  

Арнайы қызмет көрсету залында ерекше мұқтаж жандар ақысыз ағылшын тілін үйрену мүмкіндігіне ие болды. Олар үшін арнайы бағдарламамен қамсыздандырылған компьютерлік сынып жұмыс істеуде. Букридер, аудиокітаптар алынып, ақпараттық қызметтер көрсетіледі, соның ішінде онлайн. Мұнда психолог пен заңгер кеңесін алуға болады. «Шеберлер мектебінде» шығармашылық сабақтар өтеді.

Оқу, басқалармен араласу, жаңа достар табу, өз ойыңды білдіру – бәрі осында! Бізге келіңіз!  

"Өскемен қаласының 2020 жылғы ең үздік қолжетімді нысаны" байқауының қорытындысы бойынша біздің кітапхана жеңімпаз дипломын алды. "Біз бұл марапатты өте мақтан тұтамыз және ол бізді қолжетімді орта құру және ерекше адамдарды әлеуметтендіру бойынша қызметтегі жаңа жетістіктерге шабыттандырады, - дейді кітапхана директоры Бибігүл Шағиева. Біз алдағы уақытта да әлемдік тәжірибені зерделеп, ерекше адамдарға көмектесу үшін, осы саладағы заманауи технологияларды кітапхана практикасына бейімдеп, енгізетін боламыз".

dip 1
Доступная среда для людей с проблемами зрения
Доступная среда для людей с проблемами зрения
Доступная среда для людей с проблемами зрения
Доступная среда для людей с проблемами зрения
Доступная среда для людей с проблемами зрения
Доступная среда для людей с проблемами зрения
Доступная среда для людей с проблемами зрения
Доступная среда для людей с проблемами зрения
Доступная среда для людей с проблемами зрения

 

2021 жылдан бастап "Тифло Ревью" айдары бойынша Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Screen reader бағдарламалары бойынша жеке сабақтар өткізіледі. Смартфонды меңгеру зағип адам үшін бүгінгі қоғамдағы ең қажетті дағдылардың бірі. Біздің команда қазіргі қоғамда тәуелсіз болуға ұмтылатын адамдарға көмектесуге қуанышты.

                                                                               Tiflo   Tiflo1

Silnie duhomӘйелдер мерекесі қарсаңында 3 наурыз күні кітапханада "Нәзік жанды – қайсар рухты" атты мүмкіндігі шектеулі нәзік жандармен онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында әр кейіпкер өз тағдырынан сыр шертіп, өмірде қандай жағдай болса да қажымай, тағдырға қарсы тұра білу  керектігімен өз кейіпкерлерімен бөлісті.

Paraolomp22 сәуір 2021 жылы А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы Facebook парақшасында қаламыздың паралимпиада спортшыларымен тікелей эфир ұйымдастырылды.
Кездесуге Қазақстан Республикасының спорт шеберлері: үстел теннисі бойынша Алена Кутявина, Ардақ Нұрмағамбетов, Анна Мазаева, сондай-ақ паралимпиадалық ат үйретуден ҚР спорт шебері Райхан Байырқанова және ат спортынан республикалық жарыстардың күміс жүлдегері Ринат Бектұрсынов шақырылды.
Кездесу барысында жас спортшылар өздері туралы, өздерінің спорттағы жетістіктері мен болашаққа жоспарлары туралы әңгімеледі. Олардың өмір тарихы - бұл өзіңді, ауруды, қиын жағдайларды жеңудің жарқын мысалы. Әрқайсымызға қайсарлық, өмірге белсенділік және жеңіске деген ерік-жігер беріп, қуаттандыратын ерекше тұлғалармен мотивацияға толы онлайн кездесуді мына сілтеме арқылы көріп тамашалай аласыздар https://www.youtube.com/watch?v=jt8HzOqxBOE

5 қыркүйекте біздің кітапханамызда "Біз жасаймыз және өмір сүреміз" атты тағы бір жоба бастау алды. Бұл ерекше адамдарға арналған шығармашылық қолөнер бойынша тегін курс. Курс екі бағыттан тұрады.

1) жұмсақ ойыншықтарды инесіз тоқу, иірілген жіптен жұмсақ ойыншықтар жасау техникасын тегін үйренеу. Сапалы әрі жұмысақ ойыншықтар тоқу.
2) канзаши техникасы бойынша аксессуарлар жасау (шашқа, қолға, мойынға тағатын әшекейлер).

                   
     Kanzashi3

Алдымызға мақсат қойдық, кітапханамыздың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, барлық жағдайды жасап, қызмет көрсетуге тырысамыз.​ 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 25947577
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102

Joomla! Debug Console

Session