Қыркүйек
Өскемен қаласында сирек металдар өндіретін кәсіпорын жетекшілері мен "Алтайцветметразведка" тресі жұмысшыларының бірлескен жиналысы өтті. Соғыс жағдайында геологиялық-барлау жұмыстарын қайта құру, Қалба - Нарым жотасы аумағындағы сирек металдар мен вольфрам, қалайы өндірудің болашағы туралы сөз қозғалды.
6-7 қыркүйек
Өскемен қалалық партия комитетінің VI пленумы болды. Онда халықты әуе қорғанысынан, химиялық шабуылдан қорғана білуге үйрету, қалалық партия ұйымдарын көбейту, соғыс жағдайындағы үгіт-насихат жұмысы талқыланды.
7 қыркүйек
Халықаралық жасөспірімдер күнінің 27 жылдығына орай комсомол – жастар жексенбілігі өткізілді.
Глубокое селосында тактикалық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Жаттығу тақырыбы: "Предгорное жақтан "шабуылдаған" дұшпаннан селоны қорғау". Жаттығу жұмысына Ертіс зауытының жұмысшылары мен запастағы медбикелер дайындау курсының тыңдаушылары қатысты.
9 қыркүйек
Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен аудандық атқару комитеттерінде Қызыл Армия мен Әскери-Теңіз Флоты жауынгерлеріне сәлемдеме қабылдау және жіберу пункттері ашылды.
12 қыркүйек
Катон-Қарағай ауданының колхоздарында Қызыл Армия жауынгерлеріне жылы киімдер жинау үшін комиссия құрылды.
14 қыркүйек
Өскеменде әйелдер минтингісі өткізіліп, Шығыс Қазақстандағы барлық әйелдерге үндеу жолданды. Үндеу майдан үшін жылы киім жинауды кеңінен жүргізу, әскери мамандықтарды игеру, барлық жұмыс орнындағы майданға кеткен ер-азаматтардың орнына жұмыс істеуге шақырды.
19 қыркүйек
Еңбекшілер депутаттары Шығыс Қазақстан областық Кеңесі артқару комитеті "Халықты әуе және химиялық шабуылға қарсы қорғанысқа дайындау туралы" міндетті шешім қабылдады.
Семей қаласына Калинин облысының Осташково қаласынан тері зауыты көшіп келді.
20 қыркүйек
Бұрғышы Георгий Хайдин алты перфароторда жұмыс істей отырып, 300 т. руда қазып, нормасын 1230%-ға орындады.
Лениногорск қаласында Украинадан көшіріліп әкелінген ірі театрлардың бірі "Профессор Мамлюк" спектаклімен қысқы маусымды ашты.
23 қыркүйек
Бұқтырма кен басқармасы алтын өндіруден жылдық жоспарын орындады.
25 қыркүйек
Лениногор қаласында кеніштегі семиволосовшы-янкиншілдердің кеңесі өтті. Кеңеске қатысушылар көп перфораторлы бұрғылау әдісімен танысты. Кенді Алтайдың кеншілерін көп забойлы, көп перфораторлы бұрғылау әдісімен жұмыс істеуге, еңбек тәртібін нығайтуға шақырды.
Бұрғышы Н. Добродеев үш бірдей телескопты перфораторда жұмыс істеп, жаңа республикалық рекорд жасады, ауысым кезінде нормасын 1925%-ға орындады. Бір ауысымда мұндай көрсеткішті 20 бұрғышы істеуші еді.
30 қыркүйек
Семей қаласында алғашқы партия ұйымы хатшыларының кеңесі ашылды. Күн мәселесінде Қызыл Армияға жылы киімдер жинау мәселесі қаралды.
Қыркүйек
Өскемен қаласындағы Осоавиахим кеңесі әуе қорғанысы мен химиялық қорғаныстың (ПВХО) 117 нұсқаушысын дайындап шығарып, тұрғын үйлерді қорғау тобының басшыларына арналған курстар ұйымдастырылды.
Зырян ауданының мектеп оқушылары мен ұстаздары колхозшыларға егін жинауға көмектесті. 25 га жердің дәнді дақылын, 2,5 га зығыр жинап, 6 га жерден картоп қазды, 200 бау байлады.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26334866
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы