homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Желтоқсан

5 желтоқсан
Семей облысы Мақаншы ауданы бойынша Қазақстан комсомолы атындағы танк колоннасын жасау үшін  36 000 жинады.
 
7 желтоқсан
 Киевтен эвакуацияланған Украинаның И.Франко атындағы  мемлекеттік академиялық  театрныңы қысқы маусымы  М. Старицкидің  «Ой, не ходи, Грицю, та на вечерицю» музыкалық  драмасымен ашылды.

9 желтоқсан
Орта мектептердің жоғарғы сыныптарында 110-сағаттық бағдарлама бойынша әскери сабақтар басталды. Әскери сабақ жүргізу үшін аптасына 7 сағат бөлінді.  (Публикация)

15 желтоқсан
Семей облыстық атқару комитеті эвакуацияланған кәсіпорындарды іске қосу және әскери тапсырыстар қабылдау жөнінде шешім қабылдады.
 
 
 
 
18 желтоқсан
Облыстың көптеген кәсіпорындарында Мәскеу түбінде жаудың талқандалуына арналған митингтер өткізілді. (Публикация)
 
20 желтоқсан
    Шығыс Қазақстан облысының 7 кинотеатрында кинофестиваль басталды. Экранда Қызыл Армияның неміс-фашист басқыншыларымен күрестегі  ерлігі туралы үздік кинофильмдер көрсетілді. Өскемен қаласы халқына мынандай кинофильмдер көрсетілді: «Если завтра война», «Разгром Юденича».  Лениногорскіде - «Линия Маннергейма», «Щорс»,  Зырян қаласында - «Суворов», «Великое зарево», «Фронтовые подруги»,  Предгорное селосында – «Семья Оппенгейм», «Яков Свердлов». Фестиваль 1942 ж. 15 қаңтарына дейін болды.
    Шығыс Қазақстан «Маслопром» тресті Октябрь революциясының 24-ші жылдығына орай сүт-май өнімін өндіруден жылдық  жоспарын мерзімінен бұрын орындады.  Сүт-май өнеркәсібі кәсіпорындарының жарыс қорытындысы бойынша, трестке  жюри шешімімен Главмаслопромның  ауыспалы Қызыл туы  тапсырылды.(Публикация)
 
21 желтоқсан
Өскемен қаласында шаңғы спорты нұсқаушыларын әзірлеу жөнінде семинар өткізілді. Сабақ 22 сағаттық бағдарлама бойынша жүргізілді. Нұсқаушылар әскери жағдайдағы түрлі іс-қимылдарға, шаңғымен жүріп винтовкадан оқ ту, гранат лақтыру, жаралы адамдарды тасу әдістеріне үйреніп, жаттығудан өтті. (Публикация)
 
 
22 желтоқсан
Алдыңғы шептегі жауынгерлерге жаңа жылдық сыйлықтар жіберу  жедел ұйымдастырылды. Өскемен қаласының поштасы 178 посылка қабылдады. (Публикация)

24 желтоқсан
Шемонаиха Қорғаныс үйі өзін-өзі қорғау звеносының командирлерін әзірлеп шығарды.  Командирлер өзін-өзі қорғау жауынгерлерін әзірлеуге кірісті. Өскемен Қорғаныс үйінде таулық ворошилов атқыштарының 2 тобы әзірленді. Таврия ауданы «Победа» колхозында 29 ворошилов атқыштары әзірленді. Осоавиахимнің Киров аудандық кеңесі 30 станокты пулеметшіні дайындады. (Публикация)

26 желтоқсан
Семей қалалық кеңесінде эвакуация бөлімі ұйымдастырылды
 
27 желтоқсан
Шемонаиха ауданында мал қыстатуды тексеру бойынша бригадалар құрылды. «Новая жизнь», «Красная Шемонаиха» колхоздарының кемшіліктері ашылды.  Көптеген кемшіліктер бірден жойылды. (Публикация)
 
 
29 желтоқсан
Мектептердің 7 сыныптарында ауыл-шаруашылығын жүргізу негіздерін оқыту  енгізілді. Сабақ барысында оқушылар егіс жұмыстарына,  жер жырту, астық жинауға қатысады. Қала мектептерінің мұғалімдеріне ауыл-шаруашылығы теориясы мен практикасы жөнінде семинарлар өткізілді.  (Публикация)
 
 
30 желтоқсан
№1 Лениногор қолөнер училищесі ФЗО және қолөнері училищелерінің жарысында 1-орынды жеңіп алды.  Училищеге Қаз ССР-інің еңбек резерві Басқармасының ауыспалы Қызыл туы тапсырылды.
Желтоқсан
Облыстың барлық аудандарында мал қыстатуға байланысты Қоғамдық смотр ұйымдастырылды

​ 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26334866
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102