homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Мамыр

1 мамыр
Катон-Қарағай ауданының «Красный Восток» колхозы бірінші мамыр мерекесіне сәлемдеме ретінде бірінші болып егін егуді аяқтады.
1 мамыр
Катон-Қарағай ауданының «Красный Восток» колхозы бірінші мамыр мерекесіне сәлемдеме ретінде бірінші болып егін егуді аяқтады.
Защита депосының токарі С.П. Нетесов жауапты тапсырысты орындауда 213 сағатқа есептелген норманы 20 сағатқа дейін қысқартты. Орташа еңбек өнімділігі бұл ретте 1065 пайызды құрады.
3 мамыр
СССР Жоғарғы Советі Президиумының қаулысымен тапсырманы үздік орындап, көрсеткен ерлігі үшін  1941 жылы облыс аумағында құрылған 238-ші атқыштар дивизиясы Қызыл Жұлдыз орденімен наградталды.
6 мамыр
Зайсан ауданында  қорғаныс қоры мен фашист басқыншыларынан зардап шеккен колхоздарға көмек  ретінде жоспардан тыс 200 гектар жерге дәнді-дақыл егілді.
Белоусовка ФЗО мектебінің оқушысы С.Даутов қол перфораторымен 75 кубометр кен өндіріп,  нормасын 947 пайыз орындады. 

7 мамыр
Облыстық мал шаруашылығы мектебі 117 ферма меңгерушісін және 5 ветфельдшер әзірлеп шығарды, 1940,1941 жж. салыстырғанда  бір курсанттың оқу құны 4 ретке төмендетілді.
Фашист басқыншыларынан зардап шеккен аудандарға көмек көрсету үшін Үржар ауданының «Светлый путь» артелінің колхозшылары 3 гектар жерге дәнді-дақылдар егіп, 10 қой,1 сиыр бөлді. Үржар ауданының колхозшылары 140-тан астам ірі қара мал, 12 шошқа және 50 центнер тұқым бөлді.

8 мамыр
Қорғаныс комиссары Сталиннің Қызыл Армия сапына резерв дайындау тапсырмасын орындау барысында Самар аудандық комитетінің Әскери бөлімі майдан үшін 101 атқыш және 29 ворошилов салт аттыларын әзірледі.  (Большевик Алтая. – 1942. – 8 мая. – С. 1)
10 мамыр
Қорғаныс комиссарының сирек кездесетін қорғаныс металдарды өндіруді кеңейту бұйрығына жауап ретінде, Самар ауданы Чуд кенішінің кеншісі 58 жастағы М.С. Крохмалев бірінші мамыр күндері бір ауысымда 7 ауысымды атқарып, нормасын 4-5 есе орындады.
Үржар ауданының еңбеккерлері Қызыл жұлдызды балтық флотының теңізшілер делегациясын қарсы алды. Олар Ленинград қорғанысы жайында әңгімеледі. «Красные горные орлы» артелінің колхозшылары Ленинград қаласын қорғаушыларға 1 тонна ұн, 2 тонна бидай, 5 центнер ет, 5 центнер бал, 2 центнер май және басқа азық-түлік жіберді.

11 мамыр
СССР Жоғарғы Советінің  1942 ж. 11 мамыр жарлығымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша еңбек майданында қол жеткізген жоғары жетістіктері үшін наградаға ие болғандар: Предгорное МТС-інің комбайнері Т.А.Берестов – Ленин ордені;  Зайсан ауданы «Қазақстан» колхозының  звеношысы Т.Есдәулетов, Тарбағатай ауданының хатшысы А.Молдағалиев, Катон-Қарағай ауданы «Степан Разин» колхозының председателі М.Ф. Шляхтенко – Еңбек Қызыл ту орденімен наградталды.

13 мамыр
Еңбекшілер депутаттарының облыстық Советінің атқару комитеті және Шығыс Қазақстан обкомының бюросы 1942 жылға облыс аудандарына  астық өндіру, техника, көкөніс, картоп және жемшөп, мал шаруашылығы өнімдерін әзірлеу жоспарын бекітті.
 
16 мамыр
Қазақ ССР-і Жоғарғы Советінің Ленинградты қорғаушыларға көмек беру туралы үндеуіне жауап ретінде, Шығыс Қазақстан еңбекшілері төрт күн ішінде 65 центнер ет, 81 центнер май, 37 центнер өсімдік майы, 10,5 центнер сарымсақ жинады.

20 мамыр
Бүкілодақтық социалистік жарысқа қатысқан Лениногор кеншілері мен металургтері мынандай міндеттеме алды: ай сайын металл өндіруді 5 пайыз артық орындау, проходка – 10пайыз;  жоғары маркалы қорғасын өндіру және жылу, электр энергиясы мен материалдарды 10 пайыздан кем емес үнемдеу.
Шығыс Қазақстан мектептерінде оқу жылы аяқталды. Орталау мектепті 5428, орта мектепті -706 адам бітірді.

21 мамыр
СССР ордендері және медальдарымен наградталған Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығы озаттары,  облыс еңбеккерлеріне нан, ет, сүт және т.б. ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бойынша жоспарларын мерізімнен бұрын орындауға шақырды.
Аягөз ауданының еңбеккерлері Ленинградты қорғаушылар үшін 39 центнер ет, 9 центнер сало, 3 тонна балық және басқа азық-түлік жинады.

24 мамыр
Қорғаныс Комиссарының бұйрығымен 238-ші атқыштар дивизиясының аты өзгертіліп, 30-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы деген атаққа ие болды.

25 мамыр
Предгорное ауданы дәнді-дақылдар себу жоспарын орындады.  21 052 га. бидай, жүгері, сұлы және тары егілді; 2723 га жерге күнбағыс, 753 га жерге қант қызылшасы егілді.

26 мамыр
Партия мен үкіметтің жеке және ұжымдық бау-бақша алаңдарын кеңейту туралы үндеуіне жауап ретінде, Зырян ауданының 3000 аса кеншілері, кен байыту жұмысшылары,  жол мамандары, жұмысшылар мен қызметшілері бір күнде 120 га жерге картоп, көкөніс дақылдарын екті.

28 мамыр
Еңбекшілер депутаттарының облыстық Советінің атқару комитеті және Шығыс Қазақстан обкомының бюросы
«О мероприятиях по реализации указаний товарищей Сталина и Андреева от 26 мая «О своевременной прополке и междурядной обработке посева в 1942 году» Қаулысын қабылдады.

30 мамыр

Облыстық драма театры Предгорное ауданына гастрольге шығып, 6 спектакль көрсетті: «Парень из нашего города», «Крылатое племя», «Фронт», «Анна Лучинина», «Машенька» және  «Анна Каренина».
Көкпекті ауданының еңбеккерлері Ленинградты қорғаушыларға 85 центнер ет, 30 центнер май, 33 центнер ұн және басқа азық-түлік әзірлеп жөнелтті.

​ 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26340224
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102