Наурыз
3 наурыз
Семей облысы бойынша неміс-фашист басқыншыларынан азат етілген батыс аудандары үшін 5 мың. кітап, брошюра, географиялық...
3 наурыз
Семей облысы бойынша неміс-фашист басқыншыларынан азат етілген батыс аудандары үшін 5 мың. кітап, брошюра, географиялық карталар мен журналдар жиналды.
5 наурыз
Өскемен қаласындағы Я.Ушанов атындағы мектептің комсомол ұйымы Шығыс Қазақстан облысы жастарына жаудан азат етілген аудандардың балаларына көмек беру туралы үндеу жасады.
7 наурыз
Киров аудандық комитеті қарт колхозшылар жиынын өткізді. Аудан басшылары ауыл шаруашылығының тәжірибелі мамандарымен кеңесіп, көктемгі егіс жұмыстарына әзірлік жайын талқылады.
9 наурыз.
Таврия селосында радио торап іске қосылды. Оның қуаттылығы – 350 радионүктені қамтиды.
13 наурыз
13 наурыз
Депутаттар И.Қарақұлов және И.Исенбаев Шығыс Қазақстан және Семей облысы халқына өнім шығару деңгейін өсіру туралы үндеу тастады.
14 наурыз
14 наурыз
Шығыс Қазақстанда кинохроника көрсетілімінің тұрақты филиалы ашылды. Өскемен қаласына Шығыс Қазақстан облысы бойынша арнайы корреспондент кинооператор Сегаль жолдас келді.
17 наурыз
17 наурыз
Семей қаласына Мәскеу облысының жаудан азат етілген аудандарынан делегация келді.
19 наурыз
19 наурыз
Өскемен қалалық комитетінің пленумы өткізілді. Кәсіпорындар жанынан жеке бау-бақша және қосалқы шаруашылық ты дамыту туралы мәселе қаралды.
«Большевик Алтая» газетінің редакциясында медицина қызметкерлерінің жиыны өткізілді. Дәрігерлер Өскемен қаласының санитарлық жағдайы, дәрілік өсімдіктерді қолдану, медицина мекемелерінің қызметі жөнінде журналистер сұрағына жауап берді.
23-24 наурыз
«Большевик Алтая» газетінің редакциясында медицина қызметкерлерінің жиыны өткізілді. Дәрігерлер Өскемен қаласының санитарлық жағдайы, дәрілік өсімдіктерді қолдану, медицина мекемелерінің қызметі жөнінде журналистер сұрағына жауап берді.
23-24 наурыз
Шығыс Қазақстан обкомының IX пленумы болды. Пленумда Шығыс Қазақстан облысының көктемгі егіске әзірлігі және социалистік жарыс мәселелері қаралды.
26 наурыз
26 наурыз
№22 Семей орталау мектебінің оқушылары республиканың барлық оқушыларын «Школьник Казахстана» танкісін құрастыруға қаржы жинауға шақырды.
27 наурыз
Өскемен қаласында Ленинград филармониясы әртістерінің екі концерті болды. РСФСР-дің еңбек сіңірген ұжымдары – Глазунов атындағы квартет, әнші Анна Гофман, Бүкілодақтық көркемсөз оқу конкурсының лауреаты Александр Перельман өнер көрсетті.
31 наурыз
31 наурыз
Я.Ушанов (Өскемен қ.)атындағы мектеп мұғалімдері «Народный учитель» танк колоннасын құруға 777 руб. қаржы жинады.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338216
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы