«Дидахметтің дидары» online әдеби кездесу
- Подробности
- Создано 08.06.2020 17:53
Өр Алтай бүгін өз ұлын еске алды. Қазақ әдебиетінің көкжиегін кеңейтіп, әдебиетте өзіне ғана тән соқпағын салып, шығармалары арқылы қалың оқырманының ыстық ықыласына бөленген жерлес жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Дидахмет Әшімханұлының туғанына биыл 70 жыл толып отыр.
8 маусым күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастырумен Jitsi Meet платформасында Дидахмет Әшімханұлының мерейтойына арналған «Дидахметтің дидары» атты онлайн кездесу өтті.
Шараның модераторы Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев «Дидахмет менен екі жас кіші еді. Қарапайым отбасында дүниеге келді. Мейірімді болды. Жастайынан туған бауырларына қамқор болып жүретін», – деп Дидахмет ағаның кісілік келбетіне тоқталды.
Жазушының көзкөрген жолдастары Еркін Нұразхан, Нұрдәулет Ақыш, Қуандық Түменбай Дидахмет Әшімханұлының студенттік кезі, үйленіп, үй болған жастық шағы туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті.
– Жазушы Дидахметпен жастық шағымызды бірге өткіздік. 1970 жылдардан бері таныспын. Мықты жазушы болумен бірге, адал азамат болды. Жақсы мінездері көп еді. Пікір таластырып қалсақ райынан қайтпайтын. Өз пікірін дәлелдеп, түйіндеп айтатын еді. Өзі тумысынан арық болса да өте күшті еді. Күрескенде жеңіп кететін, – деп еске алды Нұрдәулет аға.
Онлайн шараға қатысқан облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ұлан Болатұлы Сағадиев Дидахмет Әшімханұлының мерейтойына арналған шаралар жыл басынан бері жүзеге асырылып келе жатқанын тілге тиек етті. «Облыс кітапханалары, мұражайларында жазушыға арналған кітап көрмелері, әдеби кештер т.б. шаралар өткізіліп жатыр. 10 маусым күні Катонқарағай ауданында мәдени іс-шаралар жоспарланып отыр», – деп атап өтті.
Жазушының ұлы Дәулет Әшімхан марқұмның рухын сыйлап, естеліктерімен бөлісіп жатқан әкесінің достарына, шәкірттеріне, шараны ұйымдастырған облыстық кітапхана ұжымына ризашылығын білдірді.
Дидахмет Әшімханұлын ағалап соңынан ерген, сөзін тыңдап, нұсқаған бағытын құп көрген шәкірттері де шарадан тыс қалған жоқ. Әдебиет, мәдениет, ғылымы мен ағарту саласында өз орындарын тауып, еселі еңбек етіп жүрген Арай Жүндібаева, Жадыра Нармаханова, Қанат Әбілқайыр, Арман Әубәкір сынды жазушының шәкірттері ұстаздарының ұстанымы, қамқорлығы мен мейірімділігі туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті: «Өскемен қаласындағы «Қазақстан» тауында көк байрағымыздың желбіреуіне ықпал жасап, идея берген Дидахмет Әшімханұлы екенін екінің бірі біле бермейді. Жазушы ағамыз бізді Шоқан Уәлихановтың басына апарып, отыз жасқа дейін елің үшін не істедің, сенің жасыңда Шоқан елі үшін бойындағы барын берген деп, рухани күш-жігер беретін салиқалы әңгімелер айтатын. Ұстазымыз әкеміздей болып кетіп еді», – деп ой бөлісті.
Сөз соңын қорытындылаған Әлібек Қаңтарбаев Дидахмет Әшімханұлының 70 жылдық мерейтойы жазушының туған жері – Катонқарағай ауданында қыркүйек айында жалғасын табатынын айта кетті. Қимас естелікке, сарғайған сағынышқа толы онлайн кездесу әсерлі өтті.
http://imena.pushkinlibrary.kz/kz/pisateli-i-poetykz/576-.html
Байланысшы: Кемешева Меруерт
Байланыс тел.: 26-13-33
Статистика
- Посетители : 6
- Материалы : 2881
- Количество просмотров материалов : 26322660
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
pushkinlibrary@yandex.ru
|
ВКО, г. Усть-Каменогорскул. Казахстан, 102 |































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ВКО, г. Усть-Каменогорск