homesemail1sm

Консультации юриста


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

«Великие личности Великой степи»


Read More...

Областной конкурс «В мире сказок и волшебства»


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...
012345
You are here: HomeARCHIVE"Орай шап" жинағының тұсаукесері
Error
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

"Орай шап" жинағының тұсаукесері

22 маусым күні Шығыс Қазақстан өнер музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің  100  жылдығына  орай жарық көрген  – "Орай шап" көтерілісі" жинағының тұсаукесері өткізілді.
prezprez2Ақ патшаның «қазақтан солдат алу» туралы июнь жарлығы бүкіл қазақ даласын дүр сілкіндіргені тарихтан мәлім.  Қару ұстауға лайық емес деп саналған «бұратана» халықты қара жұмысқа-окоп қазуға алу  халықтың намысын қайрап, ашу –ызасын туғызды.
Шілде айында басталған толқулар Қазақстанның барлық ауқымын қамтыған қарулы көтеріліске ұласты, оның аяғы қанды
қырғынға айналды. Торғай даласын Амангелді сарбаздары дүбірлетсе, Жетісуда 16 болысты құрап отырған  албандар, Әулиеатада Аққөз Қосанов бастаған көтеріліс бас көтерді.
Қазақстанның шығысында да патша жарлығына қарсы толқулар болды. Соның бірі – Өскемен уезіне қарайтын Ұлан жеріндегі алты старшын Тайынты болысы
ның азаматтары патша армиясының тыл жұмыстарына баруға қарсылық білдіріп, атқа қонды... Кітап осы тарихи оқиғаның жай –жапсарын баяндай отырып, Өтеміс елінен шыққан батыр, би, балуандар, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, Өтеміс шежіресі т.б   жайлы сыр шертеді. 
Бір елдің тарихы арқылы бүкіл қазақ даласының тарихын ашып көрсеткен, жанры жағынан энциклопедия деуге тұрарлық бұл кітаптың жас ұрпаққа берері мол. Тарихтың бүгінгі ұрпақ түгілі, аға буын өкілдері біле бермейтін ақтаңдақтарын ашып көрсеткен құнды еңбек.

konvertor

Статистика

  • Visitors : 6
  • Articles : 2881
  • Articles View Hits : 26334025
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h st. Kazakhstan, 102
 Ust-Kamenogorsk
         East Kazakhstan Region