«Ұлылыр ұлағаты»: Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы
- Details
- Created on Wednesday, 12 December 2018 19:38
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында, Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жасқа толуына орай, кітапханада 2018 жылдың 14 желтоқсан күні сағат 15.00 де «Ұлылыр ұлағаты» атты Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы өтті.
Ағымдағы жылдың қазан айында жарияланған конкурсқа 8-15 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Қатысушылар - қаланың мектеп оқушылары мен жастары Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңін мәнерлеп жатқа оқып, оны бейнежазба түрінде түсіріп қазылар алқсының қарауына жіберген болатын. Нәтижесінде қорытындау сайысқа 14 желтоқсан күні 15 оқуышы қатысты.
Мәнерлеп оқу кезінде қазылар алқасы сайысқа қатысушының сахна мәдениетіне де назар аударды.
Сайыстың негізгі мақсаты - қазақтың ұлы ақыны, жазушы, философ, тарихшы, композиторының мол мұрасын насихаттау. Оқырмандардың бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы қатысушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Іс-шараға «Ақиық» айтыскер ақындар орталығының жас ақындары, қаланың мектеп және колледж оқушылары қатысты.
Байланысшы: Зұлқаршын Гүлнұр
тел. 26-13-33; 8 7758301250,
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Статистика
- Visitors : 6
- Articles : 2881
- Articles View Hits : 26055231
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
st. Kazakhstan, 102 Ust-Kamenogorsk East Kazakhstan Region |























































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
st. Kazakhstan, 102