«Тәуелсіз елдің жастары»: шығармашылық байқауы
- Details
- Created on Tuesday, 03 December 2019 16:59
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында 2019 жылдың 6 желтоқсанында сағат 10.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Елбасы жариялаған Жастар жылына орай облыстық «Алдаспан» газеті мен А.С. Пушкин кітапханасының бірлесе ұйымдастырған «Тәуелсіз елдің жастары» атты байқау өтеді.
Байқаудың мақсаты - өңірдегі өнерге құмар дарынды жастарды анықтап, шығармашылықтарына қолдау көрсету. «Үздік орындаушы», «Талантты ақын», «Жас журналист» атты үш номинация бойынша өтетін байқауға Семей қаласынан, облыс аудандарынан үміткерлер қатысады.
Шарада «Үздік орындаушы» бағытында қатысушылар патриоттық тақырыптағы әндер орындайды. «Талантты ақын» бағытында қатысушылар «Тәуелсіздік» тақырыбында және еркін тақырыптағы өлеңдері мен «Жас журналист» бағытында қатысушылардың «Жастар – еліміздің болашағы» тақырыбында эсселері бағаланып, жеңімпаздар марапатталады.
Үміткерлер шығармашылығын бағалауда өңірімізге танымал ақын-жазушылар, ҚР Жазушылар Одағының мүшелері, ҚР Журналистер Одағының мүшелері және белгілі әншілер атсалысады.
Тәуелсіз елдің жастары – ұлы даланың тірегі. Жас ақындарымыз бен дарынды журналистеріміздің Тәуелсіздікті қалай ұлықтайтынын білгілеріңіз келсе, дүбірлі кештен қалып қалмаңыз! Біз сіздерді күтеміз! Байланыс тел. 26133, Абылазинова Гүлбаршын
Облыстық «Алдаспан» газеті жариялаған
«Тәуелсіз елдің жастары» атты балалар мен
жасөспірімдер, жастардың байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1.1. Елбасы жариялаған Жастар жылына орай облыстық «Алдаспан» газеті «Тәуелсіз елдің жастары» атты үш бағыт («Үздік орындаушы», «Талантты ақын», «Жас журналист») бойынша байқау жариялайды. Байқауға облыстың әр өңірінің талантты жастары қатысады.
Байқау 2019 жылдың 6 желтоқсанында облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапхананың акт-залында өтеді.
1.2. Байқаудың мақсаты:
- әнқұмар өнерпаз балалардың ұлттық мәдениетті дәріптеп, отандық өнер тағылымына деген сүйіспеншіліктері мен мәдени сауаттылықтарын арттыру; жас орындаушыларды сахна мәдениетіне тәрбиелей келе, бәсекелесуге сай кәсіби орындау шеберліктеріне дағдыландыру;
- өңірдегі поэзияға құмар дарынды ақындарды анықтап, шығармашылықтарына қолдау көрсету;
- мектеп оқушылары мен университет, колледж студенттері арасындағы журналистикаға бейімі бар жастардың шығармашылық дамуына үлес қосу.
1.3. Байқаудың өткізу шарттары
- «Үздік орындаушы» бағытында қатысушылар патриоттық тақырыптағы ән орындауы керек. Регламент – 2 минут. Ән жанды дауыста орындалуы керек. Бэк-вокал рұқсат етілмейді. Барлық қатысушылар орындайтын шығармаларын мини-дискі, электронды жеткізгіштерімен (флешкада) байқаудың алдында әкеліп, тапсыруы қажет. Орындаушылардың ұсынған мини-дисктерінде немесе жеткізгіштермен келген музыкалық файлда орындаушының аты-жөнін, әннің атын, авторын жазып көрсетулері қажет.
- «Талантты ақын» бағытында қатысушылар «Тәуелсіздік» тақырыбында 1 өлең, еркін тақырыпта 1 өлең жолдауы керек.
- «Жас журналист» бағытында қатысушылар Times New Roman 14 қарпімен 1-1,5 бет көлемінде «Жастар – еліміздің болашағы» тақырыбында эссе жазуы керек.
«Талантты ақын» және «Жас журналист» номинациялары бойынша қатысушылар шығармаларын 30.11.2019 жылға дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. эл.поштасына жолдап немесе Мыза көшесі, 16/1 мекенжайында орналасқан «Алдаспан» газетінің редакциясына (515-кабинет) әкелуі шарт.
Статистика
- Visitors : 6
- Articles : 2881
- Articles View Hits : 26330445
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
st. Kazakhstan, 102 Ust-Kamenogorsk East Kazakhstan Region |























































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
st. Kazakhstan, 102