homesemail1sm

Консультации юриста


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

«Великие личности Великой степи»


Read More...

Областной конкурс «В мире сказок и волшебства»


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...
012345
You are here: HomeARCHIVE «Абайдың құқықтық көзқарастары және «Қарамола ережесі»: онлайн-вебинар
Error
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Абайдың құқықтық көзқарастары және «Қарамола ережесі»: онлайн-вебинар

10 тамыз – Абай күні. Осы мерейлі мерекеге орай С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті «Абайтану» ғылыми орталығында «Абайдың құқықтық көзқарастары және «Қарамола ережесі» атты онлайн вебинар өтті. Онлайн вебинарға А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасының өлкетанушысы З. М. Слямова қатысты.

Вебинарда С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлегеннің «Абайдың құқықтық көзқарастары және «Қарамола ережесі» атты монографиясының тұсауы кесілді.
Қазақ тарихында Шербешнай сьезі, Шар съезі, Қарамола съезі сияқты бірнеше атауға ие болған тарихи оқиға бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда өз бағасын алып, ұлы ақынның тағы да бір қырын дәлелдеп жатқаны қуантарлық жағдай. Монография көшпелі қазақ қоғамындағы әділ соттың қалыптасу кезеңдеріне, «Қасым ханның қасқа жолы», «Жеті жарғы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты ел айбынын асырған заңдарға, «би» ұғымына тоқтала отырып, Абайдың өз алдына заң жазып, оны іс жүзінде орындауын, қара қылды қақ жарған «Төбе би» болғандығын арқау еткен. «Қарамола ережесі» ұлттық заң жүйесін жасаудағы алғашқы қадам болуымен де құнды екенін дәлелдейді. Еңбектен 1886 жылы жарық көрген қазақ елінің қазақ тілінде жарық көрген түңғыш праволық құжат «Қарамола ережесінің» егжей-тегжейін, тарихын білуге болады. 74 баптан тұратын «Қарамола ережесі» әділдікке, береке-бірлікке бастаған нормалар жиыны. Онлайн форматта өткен шараға қазақстандық, шетелдік ғалымдар, магистранттар мен студенттер, кітапханашылар қатысты.
Ғылыми монография кітапхана қорын толықтырып, оқырман игілігіне қызмет ететін болады.

 

Толеген М.А 1

konvertor

Статистика

  • Visitors : 6
  • Articles : 2881
  • Articles View Hits : 26045000
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h st. Kazakhstan, 102
 Ust-Kamenogorsk
         East Kazakhstan Region