Кітапхананың жаңа оқырмандары
27 ақпан күні Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінің 5 «Г» сыныбында оқитын 18 оқушы біздің кітапханамызға оқырман болып жазылды. Оқушылар кітапханаға саяхат жасады. Саяхат жасап болғаннан кейін әр бала өзіне ұнаған бөлімдеріне қайтып барып, сол бөлімдегі ұнатқан кітаптарымен және ойыншықтарымен жақынырақ танысты. Бұл оқырмандарымыз ертеңгі күннен бастап кітапханада өтетін үйірмелерге келіп, қатысатын болды. Олар кітапханаға жазылғандарына өте қуанышты. Біз де балаларға және сыныптың тюьтор-кураторы Ержанова Аяулым Ержанқызына тек шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!
Толығырақ...Кітап сыйлау, махаббат сыйлау...
14 ақпанда әлемде айрықша акция – Халықаралық кітап сыйлау күні өтеді. Оның мақсаты қарапайым және мейірімге толы – ЖАҚСЫ КІТАП СЫЙЛАУ! Егер қолыңыздан келсе, басқа да адамдарды осындай іс-әрекетке ұйымдастырып, шабыттандыру. Кітапты досыңа немесе отбасы мүшесіне сыйға тарту. Осы мерекеге орай біздің кітапханада мерекелік іс-шара өтті.
Толығырақ...14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күн!
14 ақпанда әлемде айрықша акция – Халықаралық кітап сыйлау күні өтеді. Оның мақсаты қарапайым және мейірімге толы – ЖАҚСЫ КІТАП СЫЙЛАУ! Егер қолыңыздан келсе, басқа да адамдарды осындай іс-әрекетке ұйымдастырып, шабыттандыру. Кітапты досыңа немесе отбасы мүшесіне сыйға тарту. Жексенбі күні кітапханада акцияға орай (сағат 14.00-16.00) мерекелік микрофон құттықтау бағдарламасы өтеді. Хош келдіңіздер! Мереке сайты:http://bookgivingday.com/
"Қызым саған айтам" клубындағы басқосу
12 ақпанда Жастар интеллект орталығында жаңа бірлестіктің ашылуы өтті. Бұл клуб тек қыздарға арналады. Дастархан басында жиналғандар жаңа клубтың алдағы жоспарларын талқылады. Іс-шараға қатысқан аға-буын өкілдері кітапхананың достары "Қазына" ансамблінің мүшелері кітапхана мамандарымен бірлесіп жұмыс істеп жастарға өз тәжірибелерін үйретуге тілек білдірді.
Толығырақ...Романс кеші
12 ақпанда «Саз әлемі» клубының кезекті басқосуы көпшіліктің сүйікті жанры – романс жанрына арналды. Кештің бірінші бөлімі ертеден айтылып келе жатқан романстарға арналды. Көпшілікке танымал – «Я встретил Вас», «Я помню вальса звук прелестный», «Калитка», «Любовь и разлука», «Гори, гори, моя звезда» романстары шырқалды.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26055477
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы